top of page
Search

Абай университетіндегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы

27.03.2024.


Абай университетінің Филология институты әлемнің 30-дан астам жетекші университеттерімен ынтымақтастық негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асырады.


Абай университетіндегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Институт студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польша, Литва, Эстония, Түркия, Қытай, Ресей және басқа елдерде білім алып, ғылыми тағылымдамадан өтеді. Бүгінгі таңда  шығыс филологиясы және аударма кафедрасының 6В01709 «Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі», 6В01718 «Шығыс және ағылшын тілдері мұғалімі», 6В02302 «Аударма ісі» және 7М02302 «Аударма ісі»  мамандықтарының студенттері академиялық  ұтқырлық бағдарламасымен 1 семестр бойы үздік шетелдік университеттерде білім алуда.


Қазіргі таңда бағдарлама аясында 2 курс 6В01709 «Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі, қытай тілі» мамандығының жеті студенті Қытай Халық Республикасындағы Пекин ұлттық университеті (Пекин) мен үш студент Чжэцзян Юэксиу шет тілдер институтында (Шаосин) академиялық ұтқырлық бойынша білім алса, дәл осы мамандықтың корей бөлімінің үш студенті Намсеул университетінде білім алып жатыр. 


Абай университетіндегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Ал 2 курс 6В02302 «Аударма ісі» және 1 курс 6В01718 «Шығыс және ағылшын тілдері мұғалімі (араб/түрік)» мамандығының студенттері Түркия елінде  өз білімдерін жетілдіруде. Атап айтқанда, 6В02302 «Аударма ісі» мамандығының  алты студенті Газиантеп университетінде (Газиантеп), 6В01718 «Шығыс және ағылшын тілдері мұғалімі, араб тілі» мамандығының төрт студенті Килис 7 Аралык университетінде (Килис) және 6В01718 «Шығыс және ағылшын тілдері мұғалімі, тұрік тілі» мамандығының үш студенті Ризе Реджеп Тайип Эрдоған университетінде (Ризе) оқып жатыр. 7М02302 «Аударма ісі» мамандығының 1 курс магистранттары Адам Мицкевич университетінде (Польша) тағылымдамадан өтуде.


Намсеул университетінде білім алып жатқан 2 курс студенті Бекқалиқызы Эльвира:

«Шетелде оқу мүмкіндігін білгенде, мен оны бірден пайдалануды шештім. Абай университетінің студенттері басқа елдердің тілі мен мәдениетін үйренудің бірегей мүмкіндігіне ие болды, бұл біздің ой-өрісімізді, академиялық және жеке тәжірибемізді кеңейтуге көмектеседі. Мен осы керемет мүмкіндіктер үшін және арманымды жүзеге асыруға қолдау көрсеткен университетіме ризашылығымды білдіремін», – деді.




Comments


bottom of page