top of page
Search

Абай университетінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларын жүзеге асыру басталды



21.12.2023.


Абай университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша екі ірі ғылыми жоба жүзеге асырылуда«Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Улжаркын Абигапбарова

1-жоба: «Жоғары оқу орнының «online community» кеңістігінде оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастыру жүйесін кастомизациалау». Жобаның ғылыми жетекшісі – п.ғ.д., профессор Улжаркын Абдигапбарова. Жоба аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық базасына Цифрлық әдеп кодексін енгізу; «online community» кеңістігінде оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениетін және цифрлық этикетін қалыптастырудың Жол картасын әзірлеу; бірегей білім беру бағдарламаларын, жаппай ашық онлайн-курстарды, бейне кітапханалар, практикумдар, психологиялық тренингтердің әдістемелік сценарийлерін; online-community «CyberEdNetworks» цифрлық платформасын және педагогтардың біліктілігін арттыру курсын әзірлеу жоспарланған.


Елена Музыкина

2-жоба: «Постқалыпты уақыттағы рухани-мәдени, саяси, әлеуметтік құбылыстар ретіндегі исламның ықпалы мен келешектері: Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінің тәжірибесі». Жоба жетекшісі – PhD Елена Музыкина. Жоба аясында ислам факторының әлеуметтік-саяси үрдістерге, ұлттық және өңірлік қауіпсіздікке ықпалының теориялық және тұжырымдамалық негіздерін әзірлеу; тәуелсіз Қазақстанда дін дамуының негізгі ерекшеліктерін анықтау; мемлекеттің постқалыпты уақыттағы діни саясатты жетілдірудің саяси-құқықтық тетіктерін айқындау және Қазақстандағы діни ахуалға талдау жасау; қазіргі Қазақстанда исламды дамытудың негізгі тәсілдері мен жолдарын ашу жоспарланған.


Жобалардың нәтижелері әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның міндеттерін шешуге бағытталған: цифрлық білім беруді кеңейту, цифрлық мәдениетті қалыптастыру, рухани және мәдени, ұлттық қауіпсіздік мәселелерін сараптау, исламның тарихи қалыптасқан рухани - мәдени құбылыс ретіндегі рөлі мен маңызын ашу.


Ғылыми нәтижелер қазақстандық исламтану мен дінтану, педагогикалық және мәдени-білім беру ғылыми саласының одан әрі дамуына үлес қосады.


Абай университеті озық ғылыми зерттеулерді табысты жүргізіп, еліміздің білім мен ғылым саласының дамуына белсенді ықпал етуде.

コメント


bottom of page