Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Абай облысында ХХIV республикалық Абай оқулары басталды. Абай мен Шәкәрім кесенелерінің мұражай-кешенінің базасында еліміздің барлық өңірінен 130-дан астам мектеп оқушылары жиналды.
Жарысқа қатысушылар «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Көңілімді ұғады», «Жүйрік он жүйрік озар жарысқанда», «Ұлы» атты алты номинация бойынша бақ сынайды. Басты шарт – жарысқа қатысушылар ақындардың барлық шығармаларын жатқа білуі қажет.
Айта кетсек, қазылар алқасы қатысушылардың Абайдың қарасөздерін толық білуі, Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай және Мағауия Абайұлдарының шығармаларын жатқа оқуын бағалайды. Сондай-ақ, ақындардың рухани болмысына эссе жазу, шығарма мәтіндерін мәнерлеп айту, толық білуі бойынша бірнеше критерийлер қолданылады.
Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен және грамоталарымен, сонымен қатар, естелік сыйлықтарымен марапатталады.
Абай Құнанбаевқа арналған шығармашылық байқау үш күнге созылады. Салтанатты марапаттау рәсімі 10 тамызда Жидебайда «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында өтеді.
![](https://static.wixstatic.com/media/f48cb8_c58f8504d03849cfb75b046848e5b629~mv2.png/v1/fill/w_49,h_36,al_c,q_85,usm_0.66_1.00_0.01,blur_2,enc_auto/f48cb8_c58f8504d03849cfb75b046848e5b629~mv2.png)