top of page
Search

15-16 қарашада Еdcrunch білім берудегі цифрлық технологиялар бойынша халықаралық конференция өтеді

15-16 қарашада Алматыда ЕdСrunch білім берудегі цифрлық технологиялар бойынша X мерейтойлық халықаралық конференциясы өтеді, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


«EdCrunch X – барлығына бірдей дәрежедегі қолжетімділік» іс-шарасы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өтеді. Биылғы жылы ұйымдастырушылар жасанды интеллект пен онлайн оқытудың дамуымен әркім білімге тең қол жеткізе алатын әлемді ұсынады.


Алматыда 25 елден 350-ден астам әлемдік сарапшылар мен 5000 қатысушы білім беруге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және білім беру процесінде жасанды интеллектті пайдалану сияқты маңызды мәселелерді талқылау үшін жиналады. Конференцияға онлайн режимінде тағы 30 мыңнан астам адам қосылады.


EdCrunch



© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page