top of page
Search

№ 178 лицейде Абай университеті биология кафедрасының филиалы ашылды

12.12.2023.


2023 жылдың 7 желтоқсанында Алматы қаласындағы № 178 мамандандырылған лицейде Абай университетінің Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының филиалы ашылды, «Современное образование» журналы университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


 Abai University в лицее 178

Бұл бастаманың мақсаты – білім алушылардың теориялық білімін нығайту және оларды іс жүзінде қолдану, сонымен қатар институт профессор-оқытушылар құрамы мен мұғалімдер арасында белсенді тәжірибе алмасу алаңын құру.


Іс-шараға Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, «Мансап» орталығының жетекшісі Сәуле Қалибекова, лицей директоры Қайратбек Шадиев, кафедра оқытушылары және лицей мұғалімдері қатысты.


 Abai University и лицей № 178

Алматы қаласының №178 лицейінде Абай университетінің биология кафедрасы филиалының ашылуы оқушылар мен мұғалімдер алдында жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды оқиға болып табылады.


Бұл білім беру үрдісін байытуға бағытталған маңызды бастама білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.


Кафедра биологии  Abai University в лицее № 178



© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page