top of page
Search

2021 жылы 165 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді.

Пайдалануға берілген 165 жекеменшік мектептен: 29092 орындық 49 мектеп салынды, 7533 орындық 25 мектеп қайта жөндеуден өтті. Тағы 91 ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, қазір 25 090 оқушыны қабылдап отыр.

Облыстық тұрғыда мектептерді пайдалануға беру бойынша Шымкент (14 921 орындық 25 мектеп), Нұр-Сұлтан (13 562 орындық 16 мектеп) қалалары және Түркістан облысы (11 826 орындық 40 мектеп) көш бастады.

Еске салайық, 2019-2021 жылдар аралығында 102 696 орындық 291 жекеменшік мектеп ашылды.

Соңғы үш жылда Түркістан облысы (56), Шымкент (52), Алматы (41), Нұр-Сұлтан (33), Жамбыл облысы (30), Алматы облысы (17), Қызылорда облысы. (16), Маңғыстау облысы (14) және Ақтөбе облысың (8 ) жекеменшік мектептерді ашу бойынша көш бастап тұр

Ашылған жекеменшік мектептердің ең аз саны Ақмола (5), Атырау (5), Павлодар (4), Қостанай (3), Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан (2-ден) және Шығыс Қазақстан (1) облыстарында тіркелген.

Республика бойынша жекеменшік мектептердің жалпы саны 410 бірлікті құрайды.


@fincenter.kz




Comments


bottom of page