2024 жыл Қазақстанның студенттік инфрақұрылымын дамыту үшін маңызды жыл болды. Президенттің азаматтарды қолжетімді және сапалы білім берумен қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды бастамаларын іске асыру шеңберінде студенттік жатақханаларды салуға және реконструкциялауға ерекше назар аударылды.
Ағымдағы жылы Қазақстанда 11 079 орынды қамтамасыз ететін 40 жаңа студенттік жатақхана пайдалануға берілді. Оның ішінде 8996 орындық 32 жатақхана жоғары оқу орындарының студенттеріне, ал 2083 орындық 8 жатақхана колледж студенттеріне арналған. Бұл студенттік инфрақұрылымның айтарлықтай кеңеюі, елдегі білім беруді қолжетімді және ыңғайлы етеді.
Жаңа студенттер үйінің есігі еліміздің ірі қалалары мен облыстарында айқара ашылды. Олардың арасында елорда - Астана, Алматы және Шымкент мегаполистері, сондай-ақ Ақмола, Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары бар. Ағымдағы жылы жатақханалардың ең көп саны Шымкент - 6, Алматы - 6 және Астана - 4 қалаларында енгізілді. Мұндай ауқымды құрылыс еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттер үшін сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған.
Ғылым және жоғары білім Министрлігі, Оқу-ағарту Министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мемлекеттік тапсырыс тетігін іске асыру бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Ведомстволар мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолдау үшін қосымша шаралар енгізуде, бұл әлеуметтік маңызы бар объектілер құрылысының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, «бір терезе» қағидаты шеңберінде жыл бойы Астана және Алматы қалаларындағы жобалық кеңселер инвесторларға жобалардың тиімді өзара іс-қимылы мен табысты іске асырылуына ықпал ете отырып, білікті консультациялар берді.
2024 жылдың жетістігі оқушыларды жайлы өмір сүру жағдайымен қамтамасыз ете отырып, студенттік инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі маңызды бастамаларды іске асыру үшін негіз болған мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тиімділігін айқын көрсетеді.
Comments