top of page
Search

30-дан астам қазақстандық магистрант пен докторант Францияда тегін білім ала алады

30-дан астам қазақстандық магистрант пен докторант «Абай-Верн» бағдарламасы бойынша Францияда тегін білім ала алады. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


2023-2024 оқу жылында екінші курстың 30 магистранты және Қазақстан мен Франциядағы ғылыми жетекшілермен бірлесіп диссертация дайындайтын 5 докторант «Абай-Верн» стипендиясының иегері атана алады.

«Абай-Верн» стипендиясы магистранттар мен докторанттарға француз және ағылшын тілдерінде Франция университеттерінде оқу үшін беріледі. Үміткерлер кез-келген мамандық таңдай алады, сондай-ақ жас бойынша да ешқандай шектеу қойылмайды. Үміткерлердің француз жоғары оқу орнына немесе ғылыми-зерттеу орталығына магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқуға алдын ала қабылданғандығы туралы растау хаты болуы тиіс», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

«Абай-Верн» стипендиясын жеңіп алған магистранттарға Ұлттық банк бағамы бойынша ай сайын 800 евро, докторанттарға 1200 евро мөлшерінде стипендия төленеді.


Сондай-ақ стипендиаттар Франциядағы университет жатақханасында орын алуға артықшылықты құқықтарға ие болып, ұзақ мерзімді студенттік виза және француздық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тегін тіркеле алады.


«Абай-Верн» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады. Кандидаттарды іріктеуді франко-қазақстандық тәуелсіз комиссия жүргізеді.


Байқау нәтижелері 2023 жылдың шілде айының ортасында Францияның Қазақстандағы Елшілігінің сайтында жарияланады.




© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page