7.02.2024.
Қазақстанда 2021 жылдан бастап «Күміс университет» жобасы іске асырылуда, ол жоғары буынға түрлі бағыттар бойынша білім мен дағдыларды алуға
мүмкіндік береді.
Ғылым және жоғары білім министрлігі «Күміс университет» оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру бойынша Әдістемелік ұсынымдарды бекітті.
«Күміс университеті» – бұл егде жастағы адамдарға екінші мамандық алуға көмектесетін халықаралық қозғалыс. Оқыту 50 жастан асқан азаматтарды белсенді етіп, өзін-өзі дамытуды қолдауға бағытталған әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтиды.
Қазақстан университеттері «lifelong learning» тұжырымдамасы шеңберінде 2022 жылдан бастап «Күміс білім беру» бағдарламаларын іске асыруда.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 32 университет «Күміс университет» бағдарламаларын жүзеге асыруда, тыңдаушылар саны 1500 адамнан асады.
Күміс университетіндегі курстар сандық дағдылар, шет тілдері, кәсіпкерлік, құқық, мәдениет, дін және физикалық белсенділікті қамтитын көптеген салаларды қамтиды.
Бекітілген әдістемелік ұсынымдар еліміздің жоғары оқу орындарына жұмыс жоспарын қалыптастыруға және күміс білім беру бойынша оқытуды құрылымдауға мүмкіндік береді.
Тізіммен ұлттық жоғары білім беруді дамыту орталығының сайтында «Аналитика, өмір бойы білім беру» бөлімінде танысуға болады.
Comentarios