1.02.2024.
Astana International University-де Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кейтуметси Сейпело Тандека Мэтьюз ханым "BRICS: жаңа геосаяси шындық" атты дәріс оқыды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Іс-шараға AIU студенттері мен магистранттары, халықаралық қатынастар саласындағы ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Естеріңізге салайық, өткен жылдың қазан айында, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев BRICS елдерімен қарым-қатынасты нығайтуды көздейтінін және Қазақстанның ұйым әлеуетін дамытуға қатысушы ел ретінде ат салысқысы келетінін мәлімдеген еді.
Сондықтан, AIU басшылығымен кездесу нәтижесінде қол жеткен университет базасындағы BRICS орталығын құру туралы уағдаластық – академиялық және мәдени өзара қарым-қатынаспен қатар, аталмыш ұйымның қызметі мен Қазақстандағы мүмкіндіктерін толық зерттеуге жасалған нақты қадамдардың бірегейі саналады.
Дәріске қатысушылар Қазақстан мен Оңтүстік Африка арасындағы ынтымақтастық, мәдени-рухани байланыс, ғылыми-тәжірибелік алмасу, ауылшаруашылық, жасыл энергетика және туризм бойынша қарым-қатынастағы артықшылықтарын талқылап, пікір алмасты.
Comments