top of page
Search

Auesov University жаңашыл мұғалімдердің V Халықаралық форумына қатысуға шақырады

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті 28-29 сәуір 2025 ж. «Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» V Халықаралық форумына қатысуға шақырады.



Форумның мақсаты: кәсіби тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың шығармашылық әлеуетін кеңейтіп, оқытудың ғылыми-әдістемелік деңгейі мен сапасын жақсартуға ықпал ету, сондай-ақ адами капитал сапасын арттыру, тұрақты даму тұрғысынан кәсіптік-педагогикалық білім беруді жаңғыртудың негізгі бағыттарын енгізу мен жүзеге асыру бойынша қызметті кеңейту.


Форумның міндеттері: Қазақстан Республикасының және шетел жоғары оқу орындары, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасындағы байланыс және тәжірибе алмасу нысандарын кеңейту, педагог кадрлардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету.


Жаңашыл педагогтардың V Халықаралық форумы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. Заманауи білім берудегі әлемдік трендтер мен стратегиялар.

  2. Заманауи сын-қатерлер:

- Тұрақты даму және білім беру: студенттерді жаһандық мәселелерді шешуге дайындау үшін тұрақты даму тұжырымдамаларын білім беру бағдарламаларына енгізу.

- Экологиялық сауаттылық: экология қағидалары, климаттық өзгеру және тұрақты өмір салтына бейімдеу қажеттілігінің артуы.


Форумға қатысуға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының және шетел университеттерінің профессор-оқытушылар құрамы, колледж оқытушылары, мектепке дейінгі тәрбиешілер, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мұғалімдері шақырылады.

Форум аясында ашық дәрістер, инновациялық жобалардың презентациялары, шеберлік-сыныбы, дөңгелек үстелдер, тренингтер өтеді. Форумның өзекті тақырыптарының қатарында элиталық білім беру, білім берудегі жасанды интеллект, инновациялық, ақпараттық және денсаулықты сақтау бойынша оқытудың қазақстандық моделі мәселелері бар.


Инновациялық әзірлемелер конкурстары мен көрмесіне қатысу үшін 2021 жылдың қыркүйегі мен 2025 жылдың сәуірі аралығында әзірленген және жарияланған материалдар ұсынылады.

Форум аясында қашықтықтан бейнеконференция түрінде баяндамалар жасау және қатысушылар ұсынысы бойынша жаңа байқау түрлерін енгізу мүмкіндіктері қарастырылған.


Форум онлайн-офлайн форматта өтеді. Онлайн-алаңның мекен-жайы қосымша жарияланады.


Форумның жұмыс тілдері: қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде.


Форумға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі және ұйымдастыру жарнасы (3500 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен forum.auezov@mail.ru немесе университетіне.


Форумның нәтижелері бойынша ғылыми еңбектер жинағын шығару көзделуде.


Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page