top of page
Search

Auezov University Еуропа мен Түркияның 13 университетіне грант жеңіп алды

11.01.2024.


М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінің студенттері ERASMUS+ бағдарламасының (ICM) компоненті аясында Еуропалық Комиссияның білім беру, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің шешімімен академиялық ұтқырлық бойынша Еуропа, Түркия мемлекеттерінің 13 жетекші университетінде білім алудың мүмкіндігіне ие болды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Атап айтқанда, университеттің білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамы 2024-2025 оқу жылында Бельгия мемлекетіндегі Гент университеті, Испания мемлекетіндегі Гранада, Валладолид, Кадис, Севилья университеттері, Хорватия мемлекетіндегі Загреб университеті, Латвиядағы Туриба университеті, Польша мемлекетіндегі Познань, Лодзь университеттері, Румыниядағы Иоан Куза университеті, Түркиядағы Халич, Стамбул Культур, Сулейман Демирэль университтерінде білім алу гранттарына ие болды.


Жыл сайын 150 астам университеттің білім алушылары бағдарлама аясында серіктес университеттерге оқуға жіберіледі.


Академиялық ұтқырлық республикалық бюджет қаражаты есебінен, ақылы қызметтерді іске асыру нәтижесінде алынғын табыстардан, халықаралық гранттары мен білім алушылардың жеке қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.


ЮКГУ Ауэзова


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page