top of page
Search

Auezov University Таиланд Корольдігінде ауқымды жобаға қатысты

31.08.2024


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Бангкок пен Краби провинциясында Таиланд Корольдігінің Елшілігінің қолдауымен «Таиланд пен Орталық Азия елдері арасындағы білім беру және академиялық ынтымақтастыққа қолдау білдіру» жобасына қатысты, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Делегация из Университета Ауэзова в Таиланде

Алдымен Әуезов университетінің делегациясы Краби провинциясындағы Валайлак университетіне барды. Онда кампус-тур аясында медициналық госпиталь және университеттің заң факультетімен танысты. Валайлак университетінің басшылығымен кездесу барысында делегация мүшелері «Әуезов университетінің интернационалдандыру арқылы ғылым мен білім берудегі дамуы» тақырыбында жасаған презентацияда білім және ғылым саласындағы қызмет және екіжақты әріптестік жайын қозғады.


Сондай-ақ білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуда Бангкоктың жетекші университеттерімен ресми кездесу өтті.


Қорытынды кездесуде Чулалонгкорн, Таммасат, Рангсит, Валайлак, Король Монгкут Тонбури технологиялық университеті және Убонратчатхани университеті сияқты Таиландтың беделді университеттерімен академиялық ұтқырлық және ғылыми ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Comments


bottom of page