top of page
Search

Auezov University: Өзбекстан еңбек нарығына кадрларды даярлау

11.03.2024.


Шыршық қаласында (Өзбекстан) Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың, Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Конгратбай Шариповтың және Шыршық қаласының әкімі Даврон Хидоятовтың қатысуымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университетінің өкілдерімен Шыршық қаласында университет филиалының ашылуы барысы туралы кездесу өтті, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Auezov University филивл в Чирчике, Узбекистан

Филиалды ашу Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың құрылғанына 30 жыл толуына орай кездесуінің қорытындысы бойынша жасалған келісім негізінде жүзеге асырылуда. Мемлекет басшыларының келіссөздерінің нәтижесінде «Жол картасы» әзірленді. Екі елдің ведомстволық министрліктері деңгейінде Шыршық қаласында филиал ашу туралы үшжақты келісімге қол қойылды.


Іс-шара барысында М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма Төрағасы-ректордың кеңесшісі Дария Қожамжарова қазақстандық жетекші жоғары оқу орнының филиалын ашудағы перспективаларын баяндап, презентациясымен таныстырды. Презентацияда Шымкент қаласының және оңтүстік аймақтың экономикасының стратегиялық дамуына үлесін қосуға бағытталған университеттің үшінші миссиясына зейін аударды. Auezov University филиалы Өзбекстанның еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие кадрларды даярлауды жүзеге асыратын болады. Кадрларды даярлау гуманитарлық, техникалық, IT-технологиялар, химия және тамақ өнеркәсібі бағыттары бойынша жүзеге асырылады.


Айта кетейік, Шыршық – Өзбекстанның өнеркәсібі дамыған қалаларының бірі. Өңірде машина жасау, металл өңдеу және химия өнеркәсібі сияқты салалар қарқынды дамыған. Осындай тенденцияларды ескере отырып, Auezov University өңірге қажетті салалар бойынша кадрлар даярлауды қолға алмақ.


Comments


bottom of page