«Connected 2024: Reimagining the Future» конференциясы аясында «Генеративті ЖИ көмегімен қазақстандық білімнің мүмкіндігін кеңейту: білім берудің болашағын қалыптастыру» сессиясы өтті. Іс-шараның негізгі спикерлері қатарында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Coursera платформасының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдері бойынша басқарушы директоры Николя Фуко сөз сөйледі, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Сессия білім берудегі жасанды интеллект ашатын жаңа мүмкіндіктерге, соның ішінде жаңа буын таланттарын дайындауға және оқу процесін жеделдету үшін генеративті жасанды интеллектті пайдалануға арналды. Сессияда Окленд университетінің инженерия профессоры Барбара Оакли сөз сөйледі. Оның «Үйренуді үйрену» атты курсы – Coursera платформасындағы ең танымал онлайн-курстардың бірі.
Конференцияға қатысушылар жаңа технологиялардың оқыту тәсілдерін қалай өзгертетіні және студенттер мен оқытушылардың білімі мен дағдыларын дамытуға бірегей құралдар ұсынатыны туралы білді.
Іс-шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Coursera платформасының басқарушы директоры Николя Фуко Coursera платформасында оқитын үздік студенттер мен онлайн-курстар әзірлеген оқытушыларды, сондай-ақ студенттерге барынша қолдау көрсететін университеттерді марапаттады. Марапатталғандар қатарында:
Студенттер: Закиров Ильзат, Rathore Manisha Sing, Алгазиева Индира, Жорабай Жібек, Тузельбаев Нұрбек, Запуниди Ксения, Падерина Татьяна, Бабажанов Рустам, Саматов Маралбек, Шабалина Александра, Салиев Ернұр, Қадыр Орынбек, Нурсеитов Азамат, Ваховский Анатолий, Гарифуллаев Бекболат.
Оқытушылар: Тажиденова Айнур Рамазановна (Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті), Рыспаева Динара Сарсембаевна (Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті), Садыканова Гульназ Есимбековна (Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті), Тұрсынбаева Айгүл Өмірбекқызы (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Нурдаулетова Бибайша Ильясовна, Кошимова Бибатпа Амирхановна, Каюпова Фарида Маратовна, Бисингалиева Ирина Владимировна (Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті).
Университеттер: Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Алматы технологиялық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.
Comments