Қазақ-Неміс университетінің (DKU) президенті, профессор Волрад Роммель II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Бұл орденмен азаматтар қоғамдағы өзара келісімді сақтауға, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін марапатталады.

Марапаттау рәсімі 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Берлиндегі Елшілігінде өтті. Бұл күні «Жоғары және кәсіптік білім беру саласындағы Қазақстан-Германия ынтымақтастығы: қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Қатысушылар арасында Германияның бейінді министрліктерінің, білім және ғылыми ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ дуальді және кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы сарапшылар болды.
Профессор Роммель Қазақстан мен Германия арасындағы академиялық серіктестіктің маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстел барысында бірлескен жобалардың келешегі және білім саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы алдағы қадамдар талқыланды.
«Современное образование» журналының редакциясы профессор Роммельдің әріптестерінің лайықты марапатымен құттықтауларына және оған бірлескен бастамаларды іске асыруда жаңа жетістіктер, табыстар және өзі басқарып отырған университетті және біздің еліміздегі қазақстандық-германдық әріптестікті дамытуда жемісті жұмыс тілеген тілектеріне қосылады!
Comments