top of page
Search

Energo University болашақ кампусының орнында уақыт капсуласы орналастырылды

31.08.2024


Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Алматы облысының Қаскелең қаласында Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) болашақ кампусының орнында уақыт капсуласын орналастырудың ресми рәсімі өтті. 


Новый кампус в Каскелене

Рәсімге ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, Алматы облысының басшылығы, Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығының өкілдері, университет ректоры Ғани Нығыметов және  Нью-Йорк кино академиясының (New York Film Academy) Президенті Майкл Янг қатысты. 


Қаскелеңдегі жаңа кампус – бұл Алматы энергетика және байланыс университетінің «Future University» жобасы. Жоба аясында ауданы 60 мың шаршы метр болатын екі оқу ғимаратын, сондай-ақ 6 мың орны бар жатақхананы салу жоспарлануда.

Comments


bottom of page