top of page
Search

ENU-да қазақстандық ЖОО басшылары мен сала жетекшілері білім алды

Oтандық ЖОО ректорлары, проректорлары, декандары мен департамент директорлары үшін «Талантты басқару» модулі бойынша оқыту бағдарламасын өтті, «Современное образование» журналы университет баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Шара Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Назарбаев университетінің қолдауымен ұйымдастырылды.


Тренинг курсының негізгі спикерлерінің бірі MBTI, WAVE және DISC сертификатталған тренері, профессор, Нидерланды бизнес академиясының ректоры Ян ван Цвитен болды.


Сондай-ақ бейнебайланыс арқылы QS Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Сергей Христолюбов қосылды. Ол таланттарды басқару саласындағы жағдайға талдау жүргізді.


Бұл бағдарлама қазақстандық ЖОО топ-менеджерлеріне таланттарды басқару жүйесін енгізу және халықаралық білім кеңістігінде дарындылармен жұмыс жасаудағы шетелдік ЖОО тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік беріп, кадр тәжірибесі ретінде тиімді басқарудың әдістері және құралдарымен танысуға кең жол ашпақ.


Толығырақ https://enu.kz/kz/news/512

















© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page