30.07.2024.
Жастар ұйымдарының 300-ге жуық көшбасшысы «Jas camp. Jastar Academy II» шарасына өткізді, «Замануи білім беру» журналы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Түркістан облысында «Jas camp. Jastar Academy II» республикалық шарасы өткізді. Іс-шараға мемлекеттік жастар саясаты, нетворкинг және ынтымақтастықты нығайтуда тәжірибе алмасу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен жастар саясатына жетекшілік ететін салалық басқарма, жастар ресурстық орталықтарынан 300-ге жуық белсенді жас жиналды.
Шара барысында «Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша кездесу өткізілді. Аталған тұжырымдаманың негізгі мәні мен маңызын Мемлекет басшысы үшінші Ұлттық құрылтайда атап өткен болатын.
Үш күндік бағдарламада жобалық менеджмент бойынша оқыту, шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, жастар еңбек жасақтарының қызметі мен отандық инфлюенсерлер арасындағы диалог алаңдарын жетілдіру бойынша стратегиялық сессия өткізілді.
Comentarios