top of page
Search

JBMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті

2.07.2024.


Математикадан JBMO 2024 Балқан Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында еліміздің барлық алты оқушысы жүлделі орындарға ие болып, 100 пайыздық нәтиже көрсетті, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 



Олимпиада 25-29 маусым аралығында Түркияның Анталия қаласында Балқан түбегінің 22 елінен келген 135 оқушы арасында өтті. Қазақстан қонақ ретінде қатысты.


Біздің мектеп оқушылары алты медаль жеңіп алды:

Алиасқар Сұлтанәли — Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы

Әли Еркебұланұлы — Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;

Бердібек Орынбасар — Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;

Арнұр Ансатов — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Эрик Лим — Алматы қаласындағы РФММ 9-сынып оқушысы.

Асқар Мұхтарұлы — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы.


Құрама команданың жетекшісі: Антон Васильев — ф.-м.ғ.к., М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының іргелі және қолданбалы математика кафедрасының доценті.



Comments


bottom of page