top of page
Search

Қазақстан-Неміс университетінің магистрлік бағдарламалары неге соншалықты жоғары бағаланады? Сондай-ақ магистратура туралы білуіңіз керек барлық дүние

Қазақстан-Неміс университетінің магистрлік бағдарламалары

Әдетте болашақ мансап туралы мәселе мектепті бітіріп, университетке түсуге дайындық кезеңінде пайда болады. Талапкерлер мен олардың ата-аналары тек бакалавриат деңгейін қарастырады, ал көпшілігі одан әрі магистратурада оқу жоспарларын құрмайды. Бакалавриат оқуының аяқталуы – бұл жастардың мансаптық перспективалар туралы ойланып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімге өте мұқият қарай бастайтын кезеңі. Ал, ең ынталы студент-магистранттар – бұл жұмыс істеп жүріп оқуға түсуге шешім қабылдайтындар.

Магистратура бағдарламалары әр университетте бар. Дәл бакалавриаттағыдай, мемлекеттік гранттар, түрлі қорлардың гранттары, ішкі гранттар мен жеңілдіктер есебінен және коммерциялық негізде оқуға болады, яғни оқу ақысын өз бетіңізше немесе ЖОО-да сіздің оқуыңызға тапсырыс беруші болған жұмыс берушінің есебінен төлей аласыз. Білім беру қызметтері нарығында көптеген ұсыныстар бар және олардың әрқайсысы өзінше қызықты, дегенмен тиімділігімен ерекшеленетіндері де бар. Мысалы, Алматыдағы Қазақстан-Неміс университетінің магистратура бағдарламалары.

ЖОО бағдарламалары заманауи халықаралық компанияларға негізделген. ҚНУ-дағы барлық магистратура бағдарламалары қос дипломды, IAAR (Қазақстан) және ACQUIN (Германия) халықаралық аккредиттеу агенттіктерімен аккредиттелген және орыс және ағылшын тілдерінде немесе толығымен ағылшын тілінде оқытылады, ал осы бағдарламалардағы серіктес жоғарғы оқу орындары Германияның жетекші университеттері болып келеді. Осылайша, оқу аяқталғаннан кейін түлектерге отандық және әлемдік еңбек нарығы қолжетімді болады.

Дегенмен ретімен айтып өтейік. Ең алдымен, қарапайым сұрақтарға жауап берейік: бакалавриат пен магистратураның айырмашылығы неде, бейіндік және ғылыми магистратураның айырмашылығы неде? Соңында біз магистрдің кім екенін анықтаймыз.

 

Бакалавриат пен магистратураның айырмашылығы неде?

 

Неғұрлым ойластырылған шешім қабылдау үшін, ең алдымен, білім беру жүйесінің және негізгі ұғымдардың қыр-сырын жақсылап ұғыну қажет. Магистратура жоғарғы білім алудың міндетті бөлігі, ал бакалавриат әлі жоғарғы білім емес деген қате пікір жиі кездеседі. Олай емес. Бакалавриатта оқығаннан кейін сізде жоғарғы білім бар, ал магистратура – бұл жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімге қатысты келесі кезең және онда тек өз қалауыңыз бойынша оқисыз. Бакалавриат пен магистратура арасындағы айырмашылық бағдарламаның мақсаттары, оқу мерзімі және алынған білімнің тереңдігі бойынша қарастырылады. Негізінен магистратура пәндері бакалавриаттағылардың жалғасы болып келеді, бірақ терең ғылыми және кәсіби деңгейде. Қорытындылай келе, бакалавриат жалпы және кең білім береді, ал магистратура тереңірек және жоғары мамандандырылған білім және құзыреттілік пен зерттеу дағдыларын ұсынады.


Егер кешегі оқушылар бакалавр дәрежесін құрбысының соңынан жоғарғы оқу орнына түсу немесе үйге ең жақын принципі бойынша жоғары оқу орнын таңдау арқылы біреуге еріп, оқи салуы мүмкін болса, магистратураны өздерінің жеке перспективалары мен болашақ өмір жоспарлары туралы саналы түрде жетілген түсінігі бар жетілген студенттер таңдайды. Сондықтан, әдетте, бакалавриатқа қарағанда магистратурада қызығушылық танытқан және ынталы студенттердің ортасында оқу қызығырақ.

Оқуды көп жағдайда жұмыспен қатар алып жүруге болады. Мысалы, ҚНУ студенттердің жағдайын түсініп, сабақтарды кешкі уақытқа қояды және сабақтар күн сайын емес, аптасына үш-төрт рет өтеді. Егер сіз оқумен қатар, таңдаған бағытыңызда жұмыс істесеңіз, онда оқу сіз үшін тіпті қызықтырақ болады.


Қазақстан-Неміс университетінің магистрлік бағдарламалары

 

Бейіндік немесе ғылыми магистратура?

 

Магистратура бағдарламаларын таңдағанда, бейіндік және ғылыми-педагогикалық магистратура бар екенін және олардың арасындағы айырмашылықтарды түсіну қажет. Жоғарыда анықтағанымыздай, кез-келген магистратура жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына жатады және оның ғылыми-зерттеу бағыты бар. Кез-келген магистратурада бағытына қарамастан, оқу нәтижелері бойынша студент магистрлік диссертацияны ұсынуы керек.

Негізгі айырмашылығы – бейінді магистратураның білім беру бағдарламалары неғұрлым қолданбалы сипатқа ие. Олар, ең алдымен, бағдарлама түлегі бизнесте, өндірісте немесе мемлекеттік қызметте қолдана алатын оқыту бағыты бойынша кәсіби және басқарушылық құзыреттерді дамытуға бағытталған.

Ғылыми-педагогикалық магистратура жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу жұмысы үшін ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.

Ғылыми магистратураны бітіргеннен кейін тәжірибеге бағдарланған білім мен құзыреттер азырақ болса да, сізге осы бағыт бойынша бейінді магистратурамен қолжетімді барлық лауазымдардан бөлек, жоғарғы оқу орындары мен колледждерде оқыту, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметімен айналысу мүмкіндігі де қолжетімді болады.

Бірақ ғылыми-педагогикалық магистратура бағдарламаларына түсуге қойылатын талаптар бейіндік бағдарламаға қарағанда жоғары екенін ескеру қажет.

Осымен бірнеше жыл бойы Қазақстанда магистратураға 13 мыңнан астам мемлекеттік білім беру гранттары бөлінеді, олар негізінен ғылыми-педагогикалық магистратураға бөлінеді – 13 078 грант, тек 500 грант бейіндік грантқа бөлінеді. Магистратураға ғылыми-педагогикалық бағытқа түсу үшін өту баллы кемінде 75 баллды, бейіндік баллы кемінде 30 баллды құрайды.

 

Қазақстан-Неміс университетінің магистрлік бағдарламалары

Неліктен магистратураға түсу керек?


Сонымен, магистратура не үшін қажет? Мүмкін, басты себеп – бұл магистратура немесе тіпті докторантура дәрежесі бар қызметкерлерге деген сұраныстың әлемде қалыптасып келе жатқан тенденциясы шығар. Сондай-ақ, еңбек нарығының сарапшыларының пікірінше, бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді. Әрине, бұл ең алдымен бүкіл әлемдегі заманауи технологиялық компаниялар жайында. Әдетте, жұмыс істейтін қызметкердің кәсіби деректерін дамытуға, жоғарылатуға және жалақысын арттыруға деген ұмтылысы оқуға түсудің өзекті себебі болып келеді.

Сіз әкімдік қызметкері, орта немесе жоғары деңгейдегі компания менеджері немесе кәсіпкер болсаңыз да, магистр дәрежесі сіздің кәсіби көкжиегіңізді айтарлықтай кеңейтеді, кәсіби беделіңізді көтереді және заманауи дағдыларды игеруге көмектеседі. Бұл жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының және болашақ табысқа жетудің тамаша тәсілі.

Қазақстан-Германия Университеті жанындағы Еңбек және әлеуметтік қорғау орталығы бакалаврлар мен магистрлердің жалақы деңгейіне зерттеу жүргізді және магистр дәрежесін иеленушілердің жалақысы бакалавр дәрежесі бар мамандардан 35% жоғары екені анықталды.

Сондықтан «Не үшін?» сұрағына басты жауап – өзінің мансаптық мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейту үшін. Ең бастысы – жоғарғы оқу орнын таңдауда қателеспеу.

 

Қазақстан-Неміс университетінің магистрлік бағдарламалары

Магистратура жайлы қашан ойлану керек? Мамандықты өзгертуге бола ма?


Студенттер магистратураға түсу жайлы, әдетте, бакалавриаттың соңғы курсында ойлана бастайды. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу қызметіне деген құштарлық, сабақ беруге, кәсіби деңгейін арттыруға деген ұмтылыс та ынталандыруы мүмкін. Оқыту кезеңінде жігіттерге әскери қызметті кейінге қалдыруға да мүмкіндік беріледі. Көбіне жоғары оқу орындарының жұмыс істейтін түлектері өздерінің біліктілігі мен мансаптық өсуін арттыру үшін магистратураға барады. Бұл ретте магистрлік бағдарламаны таңдау бакалавриатта бұрын алынған мамандандыруға байланысты болуы міндетті емес. Бірақ сіз пререквизиттер деп аталатын шығындарды төлеуге дайын болуыңыз керек – бұл екіден көп емес бейінді пәндер бойынша академиялық айырмашылықты игеру. Сонымен қатар, сіз грант бойынша немесе коммерциялық негізде оқысаңыз да, бұл шығындарды өтеуіңіз керек.

 

Құжаттарды қабылдау және магистратурада оқу мерзімі


Қазақстанда магистратураға жылына екі рет, жазғы кезеңде – 1 маусымнан 8 шілдеге дейін және күзгі-қысқы кезеңде – 25 қазаннан 10 қарашаға дейін тапсыруға болады. Кейбір талапкерлер алдымен жазғы кезеңде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуге тырысады, ал егер бұл қиын болса, күзгі-қысқы кезеңде бейіндік магистратураға түседі. Сондай-ақ, күзгі-қысқы ағымда игерілмеген гранттар қалған мамандықтарға өтінім берген жағдайда, бұл тәсіл гранттар алу мүмкіндігін арттырады. Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден өту және кем дегенде шектік баллы бар сертификат болуы қажет.

ҚНУ-дағы магистратура, көптеген басқа ЖОО-лар сияқты, бейіндік бағытта 1,5 жылға, ғылыми-педагогикалық бағытта – 2 жылға созылады.

Қазақстан-Неміс университетінің магистрлік бағдарламалары

ҚНУ-да қандай магистратура бағдарламасын таңдау керек?

 

Бағдарламаларды таңдау, әрине, ең алдымен, сіздің қандай қызмет түрімен айналысуды жоспарлап отырғаныңызға байланысты болады. Қазақстан-Германия университетінің сегіз бағдарламасы қызметтің түрлі салаларында қазіргі таңда аса сұранысқа ие құзыреттерге арналған.

Университеттің барлық магистрлік бағдарламалары халықаралық құрамдас бөлікке ие және оны Германияның академиялық алмасу қызметі (DAAD), ГФР сыртқы істер министрлігі (MFA) және USAID қолдайды. 

 • Green Finanсe | Ғылыми-пед. | Оқу мерзімі: 2 жыл | тілдер: ағылшын, орыс

• Industrial Management – Innovation & Business expansion| Ғылыми-пед. | Оқу мерзімі: 2 жыл | тіл: ағылшын

• Международный менеджмент предприятий | Ғылыми-пед. | Оқу мерзімі: 2 жыл | тілдер: ағылшын, орыс

• Финансы | Ғылыми-пед. | Оқу мерзімі: 2 жыл | тілдер: ағылшын, орыс

• Logistics | Ғылыми-пед. | Оқу мерзімі: 2 жыл | тілдер: ағылшын, орыс

• Strategic Management of Renewable | Ғылыми-пед. | Оқу мерзімі: 2 жыл | тілдер: ағылшын, орыс

• Integrated Water Resource Management | Ғылыми-пед. | Оқу мерзімі: 2 жыл | тілдер: ағылшын, орыс

ЖОО-ның өз студенттерін қаржылай қолдауы ҚНУ-да оқуға қосымша ынталандырады. Академиялық жетістіктерге байланысты студентке DAAD және ГФР СІМ 2500, 1500 және 1000 еуро көлемінде стипендиялар, сондай-ақ магистрант студенттер үшін айына 500 еуро көлемінде стипендиялар беріледі.


Қазақстан-Неміс университетінің магистрлік бағдарламалары

ЖОО-ның жарқын бәсекелестік артықшылығы оның қос дипломды бағдарламалары болып келеді. Олар терең пысықталып, серіктес университеттермен, Германияның ірі ұйымдарымен және жұмыс берушілерімен біріктіріле жасалған. Әріптес жоғарғы оқу орындарының профессорлары ҚНУ-да үнемі сабақ өткізеді. Қазіргі таңда DKU Германияның алты жетекші жоғарғы оқу орындарымен қос дипломды білім беру туралы келісімдер жасады. Мысалы, «Industrial management – innovation & business expansion» магистрлік бағдарламасында бірінші семестр ҚНУ-да, екіншісі – University of Applied Sciences Mittweida-да өтеді. Үшінші семестрде студенттер Германияда немесе ЕО-ның басқа елдерінде тәжірибеден өтеді, төртінші семестрде диссертация жазуды аяқтайды және екі университеттің бірлескен комиссиясының алдында жұмысты қорғайды.

Конкурстық іріктеуден өткен студенттерге қос дипломды бағдарламаларға қатысу тегін. Германияның серіктес жоғарғы оқу орындарында оқу барысында студенттер стипендия алады.

Қос дипломды бағдарламадан бөлек, DKU студенттерге қаржылық қолдау немесе өзін-өзі қаржыландыру негізінде академиялық ұтқырлық шеңберінде қосымша оқу мүмкіндіктерін ұсынады. Мысалы, университет ERASMUS және DAAD стипендиялық бағдарламаларына қатысады. Бұл бағдарламалар студенттердің, оқытушылардың және университет қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығына стипендиялық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. 

Қазақстан-Неміс университетінің магистрлік бағдарламалары

 

Қазақстан-Неміс университетінің магистранттары ҚНУ-дағы магистратураны не үшін және қалай таңдағанын айтып берді.

 

Нуржан Букетов, «Қаржы» ББ, 2 курс:

– Магистратураға тапсыруға дайындықты мен оқуға түсу талаптарын, қандай құжаттар қажет екенін зерттеуден бастадым. Әрі қарай, маған қандай магистратураға түсу керектігін анықтау қажет болды – 1,5 немесе 2 жылдық.

Мен университеттен жеңілдік алдым, өйткені ҚНУ-да бакалавриатта оқып жүргенде мен оны жыл сайын алып жүрдім және жақсы оқу үлгерімім негізінде сақтап қалдым. Жеңілдік конкурс арқылы беріледі, оның қорытындысы бойынша неміс тарапы оқу ақысын төлеуге қаражат бөледі.

Мен университет ішіндегі емтиханды тапсырған жоқпын, себебі бакалавриатта ҚНУ студенті болдым. Сұхбаттасу өте жеңіл өтті. Алдымен факультет оқытушылары магистратураны таңдау себептері жайында сұрақтар қояды, содан кейін оларға қызықтыратын сұрақтар қоюды сұрайды. Шет тілі мұғалімі студентпен ағылшын тілінде сөйлеседі, өйткені ол магистратурада қажет.

Ең қиыны кешенді тестілеуге (КТ) дайындық болды. Мен оған екі апта бойы дайындалдым. Ғаламтордан өткен жылдардың тест үлгілерін іздедім, емтиханда қандай пәндер болатынына қызығушылық таныттым. Тестілеуден кейін бәрі әлдеқайда жеңіл өтті, тек оқуға тапсыру үшін құжаттар жинау қажет болды.

Мен «Қаржы» мамандығы бойынша магистратураның ғылыми-педагогикалық форматында оқимын. Негізінен пәндер бакалавриатта оқытылғандардың жалғасы сияқты, бірақ терең ғылыми және кәсіби деңгейде. Сондай-ақ, ғылыми жұмыстарды жазу қиынға соқты әрі қызықты болды. Неміс профессорларымен оқу тәжірибесін бөлек атап өткім келеді. Менің ойымша, бұл тек ҚНУ-да алуға болатын ең керемет білім. Біздің оқытушыларымыздың деңгейі де өте жоғары, оларды стандартты емес қызықты тәсілдері оқуға ынталандырады. 

Қазақстан-Неміс университетінің магистрлік бағдарламалары

Анвар Узеев, «Кәсіпорындардың Халықаралық менеджменті» ББ, 2 курс:

– Мен бакалавриатта оқи бастағалы бері магистратура туралы ойладым және оқу процесінен шығып қалмай тұрып, диплом алған соң оқуды бірден жалғастыру қажет деп таптым.

Бакалавриатты ҚНУ-да бітіргендіктен, мен тек кешенді тестілеуден өттім. Менің білуімше, басқа университеттердің талапкерлері үшін сұхбаттасудан өту қажет. Ағылшын тілінде міндетті сұхбат болды.

КТ-ға дейін аздап толқу болды. Тестілеу сайтында бейіндік пәндер бойынша сұрақтардың мысалдары болды, бірақ олар толыққанды дайындық үшін жеткіліксіз еді. Мен тек негізгі ұғымдарды білдім, ал бакалавриат түріндегі іргетас менің сенімділігімнің басты факторы болды. Университетте талапкерлер үшін үнемі ашық есік күндері өтеді, онда сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя аласыз. Сондай-ақ, қабылдау комиссиясы жұмыс істейді, мен сонда кеңес алдым.

Мен «Кәсіпорындардың халықаралық менеджменті» бағдарламасында оқимын. Бұл бағдарлама аяқталғаннан кейін мен сапа стандарттарына қойылатын талаптардан бастап жобаларды жүзеге асыруға арналған инвестицияларды есептеуге дейінгі компанияның барлық процестерін түсінемін. Пәндердің көпшілігі шынымен қызықты және іс жүзінде қолданылады. Мысалы, кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін есептеу, жоба сапасының менеджментін бағалау немесе ҚР нарықтарындағы нақты деректерді пайдалана отырып, жобаны нөлден жасау. Бұл тапсырмалар уақыт пен күш-жігерді қажет етеді, бірақ олар шынымен пайдалы және ең бастысы қызықты.

Менің ойымша, ҚНУ-дың басты артықшылықтарының бірі – Германиядан келген оқытушылар. Олардың беретін білімін Қазақстанда алу қиын, олардың көпшілігінде ірі, әлемге әйгілі компанияларда жұмыс тәжірибесі бар, мысалы, маған Lufthansa, Toyota, Siemens, IBM-нің оқытушылары сабақ берді. Бұл адамдар белгілі бір әлемдік нарықтың қалай жұмыс істейтіні туралы көптеген ақпарат бере алады. Мен мұны керемет және баға жетпес тәжірибе деп санаймын.

Мен ҚР Ғылым Академиясында экономика институтында тағылымдамадан өттім. Ғалымдармен өзара әрекеттесу университеттегі оқытушылармен қарым-қатынастан өзгеше. Мұнда нақты сұрақтар қоюды және жұмысты тапсырған кезде фактілер мен дәлелдерге сүйенуді үйренесің. Осы тағылымдамадан кейін мен әдеби дереккөздерді жақсырақ талдауды үйрендім, шынайы академиялық жазудың не екенін білдім және диссертациямды жазуға қандай тәсілді қолданған дұрыс екенін түсіндім.

Қазір мен Metro Cash&Carry компаниясында жұмыс істеймін, ҚНУ бакалавры дәрежесі маған жұмысқа тұруға көмектесті. Диплом алғаннан кейін мен ірі халықаралық компанияда жұмыс істеуді жоспарладым. Бұл үшін университетте алған білімім мен құзыреттілігімнің арқасында менің мақсатыма жетуге деген мүмкіндігім жоғары. Metro-да ҚНУ жақсы беделге ие, мұнда әртүрлі жылдардан көптеген түлектер жұмыс істейді және оларды жақсы көреді. Мүмкін мен мансабымды осында жалғастыратын шығармын. ҚНУ-лықтардың басқа студенттерден ерекшеленетінін жиі естиміз, олар басқа менталитетке, жұмыс берушілер бағалайтын дағдыларға ие адамдар.


 

 

АҢДАТПА

Казахстанско-Немецкий Университет, расположенный в центре Алматы, помимо бакалавриата предоставляет обучение по восьми образовательным программам магистратуры, в том числе двудипломным программам. Университет готовит выпускников, обладающих всеми необходимыми навыками для работы в ведущих компаниях.


Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page