top of page
Search

SDU University 2024 жылғы талапкерлерге 297 грант пен жеңілдік ұсынады

SDU University 10 жыл қатарынан республикалық деңгейде SPT олимпиадасын өткізіп келеді. Осы жылдар аралығында 3 мыңға жуық талапкер грант пен жеңілдік алу мүмкіндігіне ие болды. Биыл 10 жылдық мерейтой қарсаңында дәстүрлі олимпиада мектеп бітіруші түлектер үшін қайта ашылды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Тіркелу үшін қаңтар айының 9 күні ашылып, 20 ақпанға дейін жалғасады.


SPT (SDU Proficiency Test) - 11-сынып оқушылары мен колледждің соңғы курста білім алушылары қатыса алатын арнайы пәндер бойынша олимпиада. SPT бейіндік пәнге байланысты 9 кластер бойынша өтеді: физика, география, химия-биология, ағылшын тілі, әдебиет және тарих, биология, құқық негіздері, информатика. 22 қаланы қамтитын биылғы олимпиаданың 297 жеңімпазына 4 жылға жарамды 100% грант пен жеңілдіктер беріледі.


Олимпиаданың негізгі мақсаты – түлектерге болашақ мамандығын анықтауға көмектесу, әрі гранттар мен жеңілдіктер түрінде қолдау көрсету. Бұл ҰБТ тапсырар алдында грант ұтып алуға және жетекші университеттердің біріне түсуге мүмкіндік береді.


SPT олимпиадасына қатысу талапкерлерге тегін. Ол үшін университеттің ресми сайты арқылы онлайн-тіркеуден өту қажет.



© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page