
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасындағы Stipendium Hungaricum бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде 2025-2026 оқу жылына келесі бағдарламалар бойынша 250 оқу гранты бөлінді:
• Бакалавриат – 110 орын
• Магистратура – 90 орын
• Бакалавриат + магистратура – 30 орын
• Докторантура – 20 орын
Грант мына шығындарды өтейді:
• Тегін оқу
• Стипендия
• Жатақханада тұру (немесе жалдамалы пәтерге ай сайынғы 40 000 HUF көлеміндегі өтемақы);
• Медициналық сақтандыру
Құжаттар 2024 жылғы 25 қарашадан бастап 2025 жылғы 17 қаңтарды қоса алғанда «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) арқылы қабылданады немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға тапсыруға болады.
Толық ақпаратты Халықаралық бағдарламар орталығының ресми сайтынан bolashak.gov.kz таба аласыздар.
Әлемдік деңгейдегі білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Comentários