2025 жылғы әлемдік университеттердің пәндік рейтингі жарияланды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Төрт жетекші қазақстандық жоғары оқу орны Nazarbayev University (NU), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ мен Сәтбаев университеті 9 бағытта орын алды.
Education Studies бағыты бойынша
Nazarbayev University – 176-200 орын,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 501-600 орын,
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ – 601+ орын.
Art and Humanities бағыты бойынша
Nazarbayev University – 401-500 орын,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 501-600 орын,
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ – 601+ орын.
Engineering бағыты бойынша
Nazarbayev University – 401-500 орын,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 1000-1250 орын,
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ – 1000-1250 орын,
Сәтбаев университеті – 1250+ орын.
Medical and Health бағыты бойынша
Nazarbayev University – 401-500 орын,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 601-800 орын.
Social Sciences бағыты бойынша
Nazarbayev University – 401-500 орын,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 601-800 орын,
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ – 801-1000 орын.
Computer Science бағыты бойынша
Nazarbayev University – 501-600 орын,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 1000+ орын,
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ – 1000+ орын.
Business and Economics бағыты бойынша
Nazarbayev University – 601-800 орын,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 601-800 орын,
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ – 801+ орын.
Life Science бағыты бойынша
Nazarbayev University – 601-800 орын,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 801-1000 орын.
Physical Sciences бағыты бойынша
Nazarbayev University – 601-800 орын,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 1000 + орын,
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ – 1000 + орын,
Сәтбаев университеті – 1000 + орын.
Nazarbayev University Times Higher Education жаңа рейтингісінде «Білім беру» бағыты бойынша әлемнің үздік оқу орындарының қатарына енді.
Бағаланатын 11 бағыттың ішінде NU-дың 9 бағдарламасы үздік 500-ге жетті. Рейтинг университеттерді оқыту, ғылыми қызмет, зерттеу сапасы, индустриямен ынтымақтастық және интернационалдандыру дәрежесі сияқты негізгі критерийлер бойынша бағалайды. Сондай-ақ NU білім беру саласындағы әлемдегі үздік 200 университеттің қатарына кіріп, Орталық Азия көшбасшыларының біріне айналғанын атап өткен жөн.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек NU Жоғары білім және медицина мектебінің қызметкерлері мен студенттерін рейтингтегі үздік нәтижелерімен құттықтады.
«Times Higher Education 2025 пәндік рейтингі бойынша білім беру саласындағы үздік 200 әлемдік көшбасшыларының қатарына енгендеріңіз құтты болсын! Бұл жетістік сіздердің кәсібиліктеріңіздің, адалдықтарыңыздың және академиялық белсенділіктеріңіздің айқын дәлелі», – деп атап өтті ол.
2024 жылы NU алғаш рет 501-600 диапазонында орын алып, THE беделді рейтингіне енді.
Сондай-ақ басқа қазақстандық жоғары оқу орындарының жетістіктерін де атап өткен жөн. Times Higher Education by Subject пәндік рейтингінің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ да 11 бағдарламаның 9-ы бойынша позицияларды иеленді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алғаш рет «Білім беру» бағыты бойынша 501-600 орын алды. ҚазҰУ «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағытында 501-600 орынға, «Әлеуметтік ғылымдар» бойынша 601-800 орынға орналасты. Сонымен қатар «Бизнес және экономика», «Медицина» пәндері бойынша 601-800 орындағы өз позициясын сәтті сақтап, «Өмір ғылымдары» бағытында 801-1000 орынға көтерілді.
2025 жылға арналған пәндер бойынша университеттердің әлемдік рейтингінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» және «Компьютерлік ғылымдар» пәндері бойынша 601+ санатында. ЕҰУ-дың екі жаңа пәні – «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» және «Компьютерлік ғылымдар» пәндері биыл алғаш рет осы рейтингке енді.
2025 жылғы серпіліс Сәтбаев Университеті болып отыр, ол «Инженерия» (1250+ орын) және «Физика» (1000+ орын) атты екі бағдарламасы бойынша орын алды.
Comments