top of page
Search

TOU «АЛТЫН САПА» салтанатында марапатталды 


Торайгыров Университет

19.12.2023.


Торайғыров университеті QAZPMA – 2023 ұлттық байқауының жеңімпазы (1 орын)  атанды және ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының салтанатты рәсіміне марапаттау үшін шақырылды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


«Торайғыров университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі менеджмент жүйесін енгізу, әзірлеу және ISO 37001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестікке сертификаттау» атты комплаенс-қызметінің жобасы жоғары наградаға ие болды. 


«Университет, кез келген басқа ұйым сияқты, барынша ашық жұмыс істеуі керек екеніне сенімдіміз. Ашықтық пен транспаренттілік кез-келген ұжымның беделіне сөзсіз оң әсерін тигізеді. Әрине, бастапқыда жоба тек университет жұмысының тиімділігін арттыру үшін дайындалды. ToU бастамасының осындай жоғары деңгейде бағалануы біз  таңдаған бағыттың дұрыс екендігі туралы айтады. Еңбегіміз қоғамда осылайша бағаланып жатқаны өте қуанышты», - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Торайгыров Университет

Comments


bottom of page