top of page
Search

Turan-Astana University: студенттеріне арналған жаңа жатақхана

31.08.2024


Астанада Turan-Astana University студенттеріне арналған жаңа жатақхананың салтанатты ашылуы өтті. Жаңа студенттер үйі 100 орынға арналған және білім алушылардың жайлы тұруы үшін толықтай жабдықталған, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Turan-Astana University.

Жатақхананың ашылу салтанатына тұңғыш қазақ ғарышкері, университет ректорының кеңесшісі Тоқтар Әубәкіров, университет ректоры Гүлжамал Джапарова, сондай-ақ «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Азамат Амангелдіұлы қатысты.


 Елордада орналасқан студенттер үйі үш қабаттан тұрады және 100 орынға арналған.Қабаттарда жуынатын және душ кабинасы бар, екі, төрт және алты орынды жайлы бөлмелер, ас үй, кір жуатын бөлме және барлық қажетті құрал-жабдықтары бар қосалқы бөлмелер, бірінші қабатта студенттерге арналған оқу бөлмесі бар.


Жаңа студенттер үйі мемлекеттік тапсырыс аясында Астана қаласы әкімдігінің фронт-офисінің қолдауымен жеке кәсіпкермен пайдалануға берілді.

Comments


bottom of page