Woosong University делегациясының А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне сапары. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде WOOSONG университеті мен А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті арасында Халықаралық Қазақстан-Корея инновациялық - білім беру орталығын құру туралы шартқа қол қойылды, онда университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі С. З. Елюбаев және Оңтүстік Корея делегациясының басшысы Yoo Taek Lee өз қолдарын қойды.
Университет өміріндегі бұл үлкен, қуанышты, тарихи оқиғаны инновациялық - білім беру орталығының ашылуына қатысқан құрметті және қадірлі қонақтар бөлісті. Кездесуге Оңтүстік Корея университетінің профессоры Юсупов Нурмухаммад, Ақмола облысы облыстық мәслихатының төрағасы Б. А. Жүсіпов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары А. Ж. Бибосинов, ҚР Мәжілісі сенаторлары мен депутаттар тобы: А. А. Башмаков, А. М. Рахимжанов, М. С. Елюбаев, Халықаралық «Global SAPA білім беру орталығы» ЖШС құрылтайшысы Шингужинова Тлектес Сайтахановна, Ақмола облысы облыстық білім басқармасының басшысы Оразалин Ш. Ж., Ақмола облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы ММ басшысының орынбасары Подгурская.И., Ақмола облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы ММ басшысының орынбасары; «Чинсон» Корей мәдени орталығы» ҚБ басшысы Лян Ольга, жоғары техникалық колледж директоры А.К. Еслямова, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Е. С. Мұсылманбек және Көкшетау қаласы білім беру мектептерінің директорлары қатысты.
Университеттер ынтымақтастығының негізгі бағыттары:
профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығы;
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі гранттық қаржыландыру шеңберінде WOOSONG University ғалымдарымен экология, туризм, педагогика, менеджмент бағыттары бойынша ынтымақтастық;
«Қазақ қонақжайлылығы және этнотуризм», «Қазақстан мен Кореяның тарихи байланыстары», «Қоршаған орта және адам денсаулығы» бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу және ынтымақтастықты тереңдету;
«WOOSONG-КУАМ» брендімен халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру.
コメント