top of page
Search

«WorldSkills Shymkent - 2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатын қорытындысы

2023 жылғы 21 сәуір күні Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында Жұмысшы мамандығының «WorldSkills Shymkent - 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Шымкент қаласының білім басқармасын баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Аймақтық чемпионат Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары және кәсіпорындармен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 17-21 сәуір күндері аралығында «Жас маман» жобасы аясында заманауи құрал-жабдықтармен және техникалық жабдықтармен құзыреттілік орталықтары қарастырылған, қаланың жетекші 14 колледжінің базасында өтті.


«WorldSkills» чемпионатының аймақтық кезеңіне 45 құзыреттілік бойынша 204 үміткердің қатысуымен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Өндірістік және инженерлік технологиялар», «Қызмет көрсету саласы», «Білім беру», «Медицина», «Шығармашылық және дизайн», «Құрылыс индустриясы», «Көлік және логистика» бағыттары бойынша өткізілді.

Үміткер қатысушылар тек жеке кәсіби сапасын ғана емес, сонымен қатар, қызмет көрсету сапасының деңгейін де көрсете білді.


Чемпионат нәтижесінің қорытындысына сәйкес CIS халықаралық бағалау жүйесінің критерийлері бойынша бағаланып, І дәрежелі дипломды 50 студент, ІІ дәрежелі дипломды 52 студент, ІІІ дәрежелі дипломды 47 студент иеленсе, «Үздік маман» номинациясын 6 студент иеленді.


Ең үздік деп танылған І дәрежелі диплом иегерлері өткізілуі ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланып отырған республикалық «WorldSkills Kazakhstan-2023» чемпионатына жолдама алды.


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page