top of page
Search

Абай облысы бойынша Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленді және оны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде

Абай облысы бойынша жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленді және оны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, «Замануи білім беру» журналы Абай облысы әкімдігінің білім басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 



Жоспарға сәйкес, 300-ге жуық іс-шараны облыстық басқармалар, қалалық және аудандық әкімдіктер іске асырады.


Мәселен, «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында 727 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. 111 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін күнбағыс майын құю және буып-түю желісі бар тазарту цехын («Qazaq Astyq Group» ЖШС) іске қосу, 16 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін қағаз және картон өнімдері өндірісін («Қазполиграф» ЖШС) ашу, 57 жұмыс орнын ұсынатын «Родниковое» («Eastern Gold» ЖШС) кен орнын игеру үшін алтын шығару зауытын салу, 200 жұмыс орнын қамтамасыз ететін көлік құралдарын құрастыру бойынша өндірістік алаң жасау («Семаз» ЖШС), Қарағайлы ауданында 300 жұмыс орнын қамтамасыз ететін медициналық орталықты («Viamedis» ЖШС) салу және пайдалану, Қарағайлы ауданында 43 жұмыс орнын қамтамасыз ететін («B.B.NURA» ЖШС) нефрологиялық орталық салу және пайдалану жоспарлануда.


«Серпін» бағдарламасы бойынша жұмысшы мамандықтарын оқыту үшін оңтүстік өңірлерден (Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары, Жетісу облысы) 200 талапкерді облыс колледждеріне тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өңірдің қажеттіліктерін ескере отырып, Жаңа кәсіптер атласы жобасы әзірленетін болады.

Кәсіптер атласында студенттерге мамандықтарды таңдау туралы шешім қабылдауға, еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге және экономиканың нақты секторларындағы мансап перспективаларын бағалауға мүмкіндік беретін ағымдағы және болашақ жұмысшы кәсіптерінің тізімі анықталады. Кәсіптер атласы мектептер мен колледждердегі кәсіптік бағдар берушілер үшін кәсіптік бағдар беру жұмысының құралына айналады.



Ағымдағы жылы жұмыс берушілердің жұмысшы кадрларды даярлауға және қолдауға қатысуын кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады. 2025-2026 оқу жылында заманауи стандарттар мен озық технологияларға, оның ішінде WorldSkills әлемдік стандарттарына сәйкес білім алушыларды практикалық даярлауды жүзеге асыру үшін жылу-техникалық және электр жабдықтары бар кәсіпорындарда оқу-өндірістік кабинет, ветеринария бойынша оқу-өндірістік кешен ашу жоспарлануда.


Сондай-ақ, Беларусь Республикасының, Татарстанның, Қырғызстанның қатысуымен Халықаралық құрылыс кәсіптері фестивалі, кәсіби мерекеге арналған – ҚР Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күніне орай «Abai Fashion» форумы өткізіледі, әлеуметтік серіктестерді шақыра отырып, «Еңбек нарығындағы жұмысшы мамандықтары» форсайт-сессияларын, өңірдегі кәсіпорындарында негізгі лауазымдарды атқарып отырған колледж түлектерімен «Табыс формуласы» шеберлік сыныбын, Омбы, Астана, Өскемен, Павлодар және т.б. және тағы басқа да су көлігі кәсіпорындары басшыларының қатысуымен «Су көлігі қызметкерлерімен кездесу» халықаралық форумын өткізу.


ТжКБ-ны интернационалдандыру бойынша жұмыс жалғасады: бірлескен бағдарламаларды одан әрі іске асыра отырып, шетелдік колледждермен халықаралық әріптестікті дамыту. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Абай облысының колледждері Омбы экономика және сервис сауда колледжімен, РФ Қазан қаласының Сервис колледжімен, Душанбе қаласының Инженерлік-педагогикалық колледжімен, Харбин политехникалық университетімен (ҚХР) және т.б. өзара ынтымақтастық туралы ресми келісімдер жасады.


Қазіргі уақытта жергілікті бюджет, жұмыс берушілер мен колледждер қаражаты есебінен материалдық базаны жаңарту, мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін заманауи жабдықталған құзыреттілік орталықтарын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл студенттердің оқу және өндірістік процестен ыңғайлы өтуіне жағдай жасайды. Бұл жұмыс ағымдағы жылы да жалғасады.



Семей қаласы мен облыстың Жарма ауданында колледж студенттерінің кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру үшін колледждерде бизнес-стартаптар және «Жарма технологиялық колледжі» КММ базасында шағын кәсіпорын ашылады. Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат әлеуметтік желілерде құрылған Жұмысшы кәсіптер жылын ілгерілету жөніндегі ресми аккаунтта жарияланатын болады.


10-15 ақпан аралығында Астана қаласында Жұмысшы мамандықтар жылының ресми ашылуына айналған «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне Абай облысынан төрт колледж: Геологиялық барлау колледжі, СФЭК, Электротехникалық колледж, Геодезия, картография және құрылыс колледжі қатысты. 5 үй болды: Геологтар үйі, Гидрогеологтар үйі, Бағдарламалық жасақтаманы және жүйелік әкімшілендіруді әзірлеушілер үйі, Геодезия үйі және ядролық технологиялар үйі.

Кәсіптік оқыту шеңберінде колледждерде дуальді оқыту кеңінен қолданылады, мұнда практикалық бөлім жұмыс орнында өтеді, ал теориялық сабақтар колледж қабырғаларында өтеді. Колледждерде оқыған жылдары студенттер теорияны да, практиканы да меңгереді. Оқудың мұндай тәжірибеге бағдарлануы колледж түлектерінің жұмыс іздеудегі бәсекелестік артықшылығы болады.


Бүгінгі таңда 31 колледж дуальді оқытуды енгізді, оларда 3070 студентті қамти отырып, 70 мамандық бойынша дайындық жүргізілуде. 


Сондай-ақ, колледждер жұмыс жүргізіп, 360 кәсіпорынмен шарт жасасты, оның шеңберінде түлектер одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен тағылымдамадан өтеді.


Кәсіптік білім нарық талаптарына бағдарланады және колледждер сұранысқа ие жас мамандарды дайындауға тырысады. Студенттер оқу кезінде бітіргеннен кейін жұмысқа қабылданатын ұйымдарда тәжірибеден өтеді. Жұмыс беруші өз саласын жақсы білетін және мамандықта нақты тәжірибесі бар дайын мамандарды алады. Бүгінгі таңда мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша облыс колледждерінде 719 студент білім алуда.


Облыстың 22 колледжі 4200 студент қамтылған қамқорлық туралы меморандумдар жасады. Меморандумның негізгі бағыттары – МТБ-ны жарақтандыруға жәрдемдесу, түлектерді жұмысқа орналастыруға көмектесу, практика мен тәлімгерлікті ұйымдастыру. Бүгінгі таңда 3033 студент кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтті.


Commentaires


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page