top of page
Search

Абай облысында Pamukkale University филиал-кампусы ашылады

Түркие елінің Денизли қаласында Әлихан Бөкейхан Университеті мен Түркиедегі жетекші оқу орындарының бірі - Pamukkale University (Памуккале Университеті) арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.


Pamukkale University

Әлихан Университеті басшылығының Pamukkale University жасалған ресми іс-сапары барысында Семей қаласында PAU-ABU Филиал-кампусын ашу туралы келелі келісімге қол жеткізілді.


Екі университет арасындағы ынтымақтастық 2013 жылдан бастау алады. 11 жыл ішінде оқу орындары бірқатар бірлескен жобаларды сәтті жүзеге асырды, оның ішінде білім алушылар мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық жобалары, бірлескен ғылыми зерттеулер мен ғылыми тағылымдамалар бар.

Абай облысында ашылмақ Филиал-кампус өңірді дамытудың стратегиялық бағыттарына сәйкес бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды көздейді.

Филиал-кампустың академиялық мүмкіндіктері:

Филология, Педагогика, Бизнес және басқару, Ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша бакалавриат және магистратура деңгейлеріндегі бірлескен қосдипломды ("1+3", "2+2", "3+1" немесе бакалавр (4 жыл) + магистр (2 жыл) форматтарында) білім беру бағдарламаларын құруды

Инклюзивті білім беру бағдарламалары мен тиісті оқыту методикаларын дамытуды

Аутистік спектрдегі ауытқулары бар балалармен жұмыс істеуді, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарына қолдау көрсетуді

Педагогика, психология, жасанды интеллект және денсаулық сақтаудағы менеджмент салалары бойынша университет аралық кластер құруды қамтиды.


Екі университет арасындағы стратегиялық ынтымақтастық білім беру мүмкіндіктерін арттырып қана қоймай, мәдени алмасу мен екі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған ұзақ мерзімді бірлескен жұмыстарды жүзеге асыруды көздейді.ирение образовательных возможностей, межкультурный обмен и развитие науки и инноваций, способствующих социально-экономическому развитию двух стран.

© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page