11.06.2024.
Игорь Роговтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жоғары білім алуға азаматтардың конституциялық құқықтарын талқылауға, жоғары білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету жөнінде талқылауға арналған отырысы өтті.
Саясат Нұрбек жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінін негізгі қорытындыларын таныстырды.
«Елімізде 120 жоғары оқу орны бар. Онда 650 мыңға жуық жас білім алады. Алдағы жылдары студент саны ұлғаймаса, кемімейтіні анық. Сондықтан оларға сапалы білім беріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту ісінде еш кідіріс болмауы шарт», – деді ғылым және жоғары білім министрі.
Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында Жоғары оқу орындарының бағдарламаларына «Адам құқықтарының негізі» пәнін енгізу керек деген ұсыныс айтылды.
Comments