top of page
Search

Азаматтық авиация академиясы салалық мәселелерді талқылауға арналған аймақтық алаңға айналды

Азаматтық авиация академиясының қабырғасында үш күн бойы салалық іс-шаралар өтті. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Жоғары оқу орны ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында Азаматтық Авиация Комитетінің қатысуымен Қазақстанның Авиациялық Әкімшілігі ұйымдастырған авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобының бірінші отырысын өткізді.


Іс-шараға Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан авиациясы өкілдері қатысты.


Академия өңірде ИКАО ұсынған авиациялық қауіпсіздік жөніндегі стандарттарды тиімді енгізу бойынша қаралған мәселелерді «Авиациялық қауіпсіздік» білім беру бағдарламасында қарастыра алады.


Сондай-ақ, авиация саласы үшін кадрлар даярлау мәселелерін жұмыс беруші кәсіпорындардың басшылары «Авиакомпанияларды даярлау перспективалары» атты дөңгелек үстелде талқылады.


Академия қабырғасында өткен тағы бір шара - «Бос орындар жәрмеңкесінде» авиакомпаниялар, әуежай өкілдері, «Қазаэронавигация» РМК, «№405 авиажөндеу зауыты» АҚ, авиакәсіпорындар мен логистикалық компаниялар академия студенттері мен түлектеріне өзекті бос жұмыс орындарын ұсынды.



© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page