Алматыда Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) базасында Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің филиалының ашылу салтанаты өтті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Іс-шараға Германияның Алматыдағы Бас консулы Маттиас Кислер, Анхальт университетінің президенті Йорг Багдан, Energo University ректоры Ғани Нығыметов, Анхальт университетінің Алматыдағы филиалының директоры Эдуард Сименс және Германия ғылым қорының өкілдері қатысты.
Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті Қазақстанда неміс білім беру бағдарламалары бойынша оқытатын және неміс үлгісіндегі дипломдар беретін алғашқы неміс жоғары оқу орны болды.
Жаңа филиалда оқыту ағылшын тілінде келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі: жаңартылатын энергия, жүйелік инженерия, биотехникалық және медициналық жүйелер мен аппараттар, энергетикалық саясат және халықаралық сауда.
Comments