top of page

Алматыда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтеді

2025 жылдың 30 сәуірінде Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс – батырлар рухына тағзым» атты салтанатты іс-шара өтеді.



Іс-шара аясында Қазақстан және Ресей архивтерінің 2022-2025 жылдары бірлескен жұмыс жоспары аясында жарияланған «Документальные свидетельства героизма казахстанцев в Великой Отечественной войне (1941-1945 гг.)» атты фотоальбомының тұсаукесері өтеді.


Жаңа фотоальбом үш бөлімнен тұрады. Атап айтсақ, «Снискавшие Славу трёхкратно... (Даңқты батырлар)» бөлімінде қазақстандық Данқ ордені иегерлерінің фотопортреттері мен олардың соғыстан кейінгі өмірін баяндайтын материалдар жинақталған. «Женщины в строю боевом (Жауынгер әйелдер)» бөлімінде ерліктері аз айтылған қазақстандық әйел-ардагерлердің фотоқұжаттары ұсынылған. «На переднем крае фронта трудового (Еңбек майданының алдыңғы шебінде)» бөлімінде тыл еңбеккерлерінің майданға көрсеткен үлесін бейнелейтін фотосуреттер қамтылған.

Барлығы 383 бірегей фотоқұжат ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жинақталған.


Аталған іс-шараға соғыс ардагерлерінің ұрпақтары, тарихшы-ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысады.


Жиын аясында Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің қорында сақталып, 1942 жылы Алматы кинохроника студиясында түсірілген «Тебе фронт» деректі фильмінің көрсетілімі өтеді.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page