top of page
Search

Алматылық колледж студенттері күн панелін шығаруда

Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінің студенттері оқу шеберханасында алғашқы күн панельдерін өндіруді іске қосты. Олар өз жобаларын Жұмысшы мамандықтар қаласында таныстырды, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 



«Біз күн панельдерін толықтай өз қолымызбен жасаймыз. Алдымен фотоэлементтерді өзара жалғап, арнайы негізге дәнекерлейміз. Кейін панельді сыртқы әсерлерден қорғау үшін ламинация жасаймыз және оны алюминий корпусқа бекітеміз. Соңғы кезеңде жүйені қосып, оның күн энергиясын электр қуатына қаншалықты тиімді айналдыратынын тексереміз», – деп бөлісті колледждің 3-курс студенті Мәди Жанболат.

Бұл жоба студенттерге жаңартылатын энергетика саласындағы заманауи технологияларды игеруге көмектесіп қана қоймай, Қазақстанда күн панельдерінің өз өндірісін дамыту үшін перспективалар ашады. Бұдан басқа, колледждің жоғары курс студенттері жетекші компанияларында ақы төленетін практикадан өту мүмкіндігіне ие болады.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page