top of page
Search

Алғаш рет ғалым-әйелдерге арналған Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел-академигі Наиля Базанова атындағы марапат тағайындалды

7.03.2024.


Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғимаратында салтанатты іс-шара өткізді. Оған еліміздің әр өңірінен келген жетекші ғалым – әйелдер қатысты.



Ғалым әйелдермен кездесу офлайн/онлайн форматында өтті. Жиынға еліміздің әр өңірінен 70-тен астам жетекші ғалым-әйелдер қатысып, Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.


Ұлттық ғылым академиясының Президенті А.Күрішбаев өз сөзінде елімізде Халықаралық әйелдер күні көптеген жылдар бойы ресми мереке болып саналып келе жатқанын және адамзаттың әдемі жаратылысы көктемнің, сұлулықтың, нәзіктіктің, рухани даналықтың күні болып саналатынын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, дәстүр бойынша осы мереке аясында нәзік жандардың саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы жетістіктерін атап өтуді қамтиды.


А. Күрішбаев ғылымды дамытуда арулардың үлесі орасан зор екендігін және ғалымдардың жалпы санының 60%-ға жуығын құрайтынын атап өтті.


ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы салтанатты жағдайда Құрмет грамоталарымен марапатталған ғалым-әйелдердің еңбегін бағалап, отандық ғылымның одан әрі дамуын ынталандыру мақсатында Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел-академигі Найля Базанова атындағы алғаш рет ғалым-әйелдерге арналған Ұлттық ғылым академиясының марапаты тағайындалды.

Comments


bottom of page