top of page
Search

Алғашқы әскери және технологиялық дайындықты оқытуда не өзгереді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайылов депутаттық сауалға «Мектеп бағдарламасына алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнін оқыту туралы» жауап берді. ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Алғашқы әскери және технологиялық дайындық (бұдан әрі – АӘТД) пәні меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде міндетті түрде оқытылады.


Пәннің мақсаты – білім алушылардың мемлекеттік қорғаныс негіздері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін тағайындау, олардың сипаты мен ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру, әскери қызметке деген қасиетті борышы және Қазақстан Республикасы азаматының парызы ретіндегі саналы көзқарасты тәрбиелеу.


Қазіргі кезде Оқу-ағарту министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) білім алушыларда әскери іс негіздері бойынша қажетті білімді, іскерлікті, төтенше жағдайларда дағдыларды игеруді қалыптастыру мақсатында АӘТД пәнін «Бастапқы әскери дайындық» пәні деп өзгерту жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Ұлттық білім беру деректер базасына сәйкес 5432 орта мектептің 4702-де АӘТД кабинеті жұмыс істейді, оның ішінде 134 кабинет оқу жабдықтарымен (макеттер, тир, саптық плац, пневматикалық мылтық, оқу қаруы және т.б.) жабдықталмаған, - деп хабарлады Әлихан Смайылов

Бұл мәселе бойынша тапсырмалар берілді.

Осыған орай Министрлікке жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп АӘТД пәнінің кабинеттерін жабдықтау нормасына сәйкес оларда қажетті әскери-техникалық мүліктің, оқу-жаттығу қаруын, атыс тирін сақтауға арналған үй-жайлардың, кедергілері бар және тактикалық даярлығы бар сабақтар өткізуге арналған алаңдардың болуын қамтамасыз ету, АӘТД пәні бағдарламасының негізгі тақырыптары бойынша сағаттарын ұлғайтуды қарастыру тапсырылды, - жауап берді Премьер-Министр.

Comments


bottom of page