top of page
Search

Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы ашылды

17.04.2024.


Кызылординский университет имени Коркыт Ата

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығының ашылу салтанаты өтті, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Орталықтың ашылу салтанатына Адам Мицкевич университеті, Польшаның лимнологиялық қоғамының президенті Петр Климашик, Чэнду қаласындағы (ҚХР) Оңтүстік-Батыс университетінің «Қоршаған орта инженериясы» институтының профессоры Жао Цзяоян, осы университеттің профессоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы Сергей Кривоногов қатысты.


Арал өңірінің экожүйелерін зерттеу жөніндегі орталықтың ашылуы тұрақты экологиялық жағдайды қамтамасыз ету, су маңы және жер үсті экожүйелерінің табиғи қалпына келу процестерін ашуға септігін тигізеді.


Қоғамның экологиялық білімін дамытуда, биологиялық әртүрлілікті сақтау, Арал өңірі халқының денсаулығын жақсарту, сондай-ақ, географиялық, экологиялық бағытта білім беру бағдарламалары мен білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды мақсат етеді.


Орталық шеңберінде биогеоценоздарды табиғи қалпына келтіруді қоса алғанда, Кіші Аралдың және тұтастай қазақстандық Арал өңірінің бұзылған экожүйелерін қалпына келтіру жолдары зерттелетін болады.


Сонымен қатар, өсімдіктер мен жануарлар қауымдастықтарының құрылымы, динамикасы және экологиясы, олардың жіктелуі; ботаникалық, зоологиялық және экологиялық білімді насихаттау жүзеге асырылатын болады; бірегей табиғи объектілерді сақтау бойынша ұсынымдар әзірленеді.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, жақын және алыс шетелдердің экология саласындағы ғалымдарымен ынтымақтастықты арттыру жоспарланған.


Comments


bottom of page