top of page
Search

Астанада IEEE SIST халықаралық конференциясы өтті

Astana IT University-де смарт ақпараттық жүйелер мен технологиялар бойынша 2023 IEEE SMART Information Systems and Technologies (2023 IEEE SIST) III халықаралық конференциясы өтті. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


IEEE SIST 2023 конференциясы ғылыми қоғамдастық үшін маңызды іс-шара болып табылады, өйткені ол әлемдегі үздік ақпараттық технологиялар мен интеллектуалды жүйелер ғалымдары мен мамандарын біріктіреді, олар өз зерттеулері мен идеяларымен бөліседі.

Конференцияның негізгі мақсаты – өз ісінің мамандарымен тәжірибе алмасу, нақты тақырыптар бойынша білім мен перспективаларды дамыту, кәсіби желісін кеңейту және IT-дағы соңғы тенденциялар бойынша сұрақтарға жауап іздеуге өз үлесін қосу.


Конференция мемлекеттік бағдарламаларды және соның салдарынан ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру жөніндегі идеялардың бастапқы нүктесі бола алады.

2023 IEEE SIST материалдары Scopus жоғары рейтингті халықаралық ғылыми деректер базасында индекстеледі, бұл ғылыми және әлемдік IT қауымдастықтардағы конференцияға қатысушылардың рейтингін арттырады.


Жыл сайын ғылыми ортада және студент жастар арасында осы конференцияға қызығушылық артып келеді.

Биыл конференцияға 17 елден 1000-нан астам қатысушы жазған 244 мақала келіп түсті. Мақалаларды екі рет рецензиялағаннан соң 118 үздік баяндама қалды.


IEEE SIST аралас форматта (онлайн/офлайн) ағылшын тілінде өткізілді.

Бұл конференция Қазақстанның ғалымдары мен IT мамандары арасында маңызды іс-шара болды. Конференцияның пленарлық сессиясында Түркия, Украина, Ұлыбритания, Германия, Корея және Қазақстанның ғалымдары спикер ретінде сөз сөйледі..






© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page