top of page
Search

«Атырау қаласы мектеп өмірінің қауіпсіз ортасы» конференциясы

2023 жылдың 29 тамызында, оқу жылы басталар алдында, Атырау қаласында мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне қатысты мәселені талқылауға, сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер арасындағы кибербуллинг пен жағымсыз контенттің алдын алу шараларына бағытталған конференция өтті. Іс-шараға қызығушылық танытқан тараптан мектеп директорлары (орта есеппен 70 өкіл), уәкілетті органдардың өкілдері, БАҚ, психологтар және қауіпсіздік сарапшылары қатысты. Мәселе түйіткілі бойынша жаңа деректер мен статистика жарияланды.


Конференцияда сөз сөйлегендер:

Дюсекенова Айнагуль Байганиновна, Атырау қаласы білім бөлімінің басшысы.

Мерзлина Оксана Геннадьевна – М.Ломоносов атындағы орта мектептің педагог-психолог маманы, «Жасөспірімдер арасындағы кибербуллинг мәселесі» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды.

Бимуханова Аида Алдияровна - №17 мектеп-лицейінің қызмет өкілі, «Заманауи мектептегі – Кибербуллинг» тақырыбында баяндама оқыды.

Хасанова Алмагуль Саматовна - №17 мектеп-лицейінің қызмет өкілі, «Shuttle»-дың алғашқы қолданушысы ретінде, қолданбалық бағдарламаны қолданысқа енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Конференция аясында «Appetite Inc.» отандық IT мамандар мектеп оқушыларының қауіпсіз және бақыланбалы онлайн-ортасын қалыптастыратын, сонымен қатар, мектеп оқушыларын кибербуллинг пен жағымсыз контенттен қорғауға арналған инновациялық білім беру саласындағы әлеуметтік желі - «Shuttle» қолданбалық бағдарламасын ұсынды. «Shuttle» желісі мектеп оқушыларына бөгде адамның қатысуынсыз өзара әңгімелесуіне, ақпарат алмасуына, білім алуымен қатар ойын-сауық құруына арналған бақыланбалы, әрі, мұғалімдер рұқсат еткен контенттерді қолдануына мүмкіндік береді.


Сонымен қатар, «Shuttle» балаларға ашық немесе анонимді түрде мектеп психологына жүгініп, қажетті қолдау мен көмекке ие болуына жағдай жасайды.

Іс-шара барысында Атырау қаласы білім Басқармасымен бірлесіп, оқушыларды кибербуллинг пен жағымсыз контенттен қорғау мақсатында Атырау қаласы мен Атырау облысы мектептеріне «Shuttle» қолданбалы қосымшасын (әлеуметтік желісін) енгізу туралы меморандумға қол қойды.

Әлбетте, конференция тақырыбы мен талқыланған сұрақтар барша атыраулық тұрғындарға және кеңінен алып қарасақ, тұтас қазақстандықтарға аса маңызды болмақ, себебі, барлығымыз да ата-ана және қорғаушы ретінде, балаларымыздың бақытты болашағын қалыптастыруға міндеттіміз.

Іс-шараның нәтижесін мұқият назарда ұстап, мектеп өмірін жақсартуға арналған ең белсенді шешімдер мен тәсілдерді ұштап, енгізуге дайын болайық.

Конференцияның ақпараттық демеушісі: «Современное образование» Республикалық журналы.

Конференция Атырау қаласы білім беру Басқармасы мен Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Comments


bottom of page