top of page
Search

Ахмет Ясауи университеті талапкерлер үшін керемет мүмкіндік ұсынып отыр

Қазақстандық жастардың тегін, әрі сапалы білім алуы үшін халықаралық оқу орнына Түркия Республикасы тарапынан арнайы 500 квота бөлінді, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Жыл сайын бөлінетін Түркия квотасы биыл 40-тан астам мамандықтар бойынша беріліп отыр. Конкурсқа ҰБТ-дан өткен және нәтижесінде университеттің шекті балын жинаған, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 баллдан жоғары ұпай жинаған ҚР азаматтары қатыса алады.


Бұл квотаның ерекшеліктерінің бірі – студенттер бір «Дайындық факультетінде» оқып, қазақ және түрік, сондай-ақ кейбір мамандықтар үшін ағылшын тілдері бойынша терең білім ала алады.


Құжаттарды қабылдау 10-17 тамыз аралығында жүзеге асырылады.















© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page