top of page
Search

Ақмола облысында мектеп оқушылары және балалар қоғамдық ұйымдарының өзін-өзі басқару көшбасшылары арасында форум өтті

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Сандықтау ауылының «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагері алаңында мектептің өзін-өзі басқару және балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары арасындағы «Мен - елімнің ертеңімін!» облыстық форумын өткізді, «Замануи білім беру» журналы Ақмола облысы әкімдігінің білім басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 



Іс-шара балалардың қоғамдық ұйымдарының рөлі мен мәртебесін арттыруға балалардың мектеп және қоғамдық өмірге қатысуы бойынша әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған.


Форумға өңірдін 15 аудан, 3 қала және Астана қаласының №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп–лицей-интернатынан, жетекшілерімен қоса, жалпы саны 125 көшбасшы қатысты.


Форум аясында мектеп парламентінің үздік командасына  арналған «Мен -елімнің ертеңімін!» байқауы өтті, оған 18 команда қатысты.


Сайысты қорытындылай келе, орын алған командалар анықталды:

1 орын – Степногорск қаласының командасы;

2 орын – Атбасар ауданының командасы;

2 орын – Есіл ауданының командасы;

3 орын – Бурабай ауданының командасы;

3 орын – Көкшетау қаласының командасы;

3 орын – Қосшы қаласының командасы.


Сонымен қатар, номинациялар бойынша жеңімпаздар да анықталды:

- «Dream team»  Ақкөл және Жақсы аудандарының командалары;

- «Біз біргеміз!» номинациясында Целиноград ауданының командасы, Астана қаласы №2 «Дарын»  облыстық мамандандырылған мектеп- лицей-интернатының командасы.

Форум қатысушыларына форумға белсенді қатысқаны үшін үлестірме материалдар мен сертификаттар берілді. Сондай-ақ, 2023-2024 оқу жылының жұмысында көзге түскен мектеп өзін-өзі басқару көшбасшылары орталықтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Kommentare


bottom of page