Ақтөбе облысында әлеуметтік әріптестер, колледждер мен жастардың белсенді өзара іс-қимылына бағытталған 50-ге жуық іс-шарадан тұратын Жұмысшы мамандықтар жылына арналған облыстық жоспар әзірленді. Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде жаңа бағыттарда кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту жоспарлануда.

ТжКБББ ұйымында оқуға өтініштерді қабылдау орта буын Негізгі бастамаларға мыналар жатады:
– колледждердің халықаралық аккредиттеуден өтуі;
– жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша нысаналы білім беру тапсырысын ұлғайту;
– жаңа мамандықтардың ашылуы;
– жұмысшы мамандығының беделін арттыру үшін оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
– педагогтердің біліктілігін арттыру;
– техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайту;
– халықаралық стандарттарға сәйкес білім алушылардың дағдыларын қалыптастыру бойынша WorldSkills чемпионатын дамыту.
«Мамандығым – олашағым» жобасы аясында жаңа мамандықтар атласы әзірленді. Ақтөбе облысы бойынша Жаңа кәсіптердің өңірлік атласын қалыптастыру үшін 5 сала – мұнай және газ, тау-кен өндіру, көлік және логистика, жаңартылатын энергия көздері, су шаруашылығы таңдалды.
Жыл сайын өңір бойынша Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс берушілердің кадрларға қажеттілігіне сауалнама жүргізеді.
2024 жылы сауалнамаға Ақтөбе облысының 3 мың кәсіпорны қатысты, 734 кәсіпорын 7,4 мың адам кадрларға қажеттілік туралы мәлімдеді (2024 жылға – 3 040 адам, 2025 жылға – 2 165 адам, 2026 жылға – 2 146 адам).
Өңір үшін қажеттіліктің айтарлықтай жоғары екенін ескерсек, «Атамекеннің» талдауы бойынша ол барлық дерлік салаларда бар, олардың ішінде келесі салалар басымдыққа ие: тұру және тамақтандыру қызметтерімен қамтамасыз ету (2547 адам); өңдеуші өнеркәсіп (1769 адам); білім беру (866 адам), ал жоғары (1,5 мың адам) және кәсіптік білімі бар жұмысшыларға (4 мың адам) қажеттілік өте басым.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлназ Сисенованың ақпараты бойынша, өңірде негізінен машинистер, электриктер, автоэлектриктер, слесарлар, дәнекерлеушілер, аспаздар, сондай-ақ ауыл, орман, балық шаруашылығы, тау-кен және қайта өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсету, ақпарат және байланыс, жол жөндеу саласының мамандары сұранысқа ие.
Облыста 40 колледж жұмыс істейді – 24 мемлекеттік және 16 жекеменшік, онда 28 133 студент оқиды. Оның ішінде 20 300-і мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алуда. Колледждердің жалпы санынан 22 мекеме орта кәсіптік білім беру мамандарын, 13 – жұмысшы мамандарды даярлайды. Тағы 5 колледж аралас бейіндегі мамандарды даярлайды. Оқу орындары 94 мамандық және 139 біліктілік бойынша дайындықты жүзеге асырады.
Сонымен қатар, үш колледж базасында ауыл жастарын жұмысшы мамандықтарына оқыту үшін мобильді оқу орталықтары құрылды.
Бүгінгі таңда ең сұранысқа ие мамандықтар бойынша машина жасау, қайта өңдеу және құрылыс өнеркәсібі саласында – 3 335 адам, білім беру саласында – 1 020, қызмет көрсету саласында – 856, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында – 805, IT-технологиялар саласында – 577 адам оқиды.
2024-2025 оқу жылында 1168 кәсіпорын 5740 студент пен колледж арасында үш жақты келісімшарттар жасады. Дуальді оқытумен қамтылған студенттер саны жыл сайын 20-25%-ға артып келеді. Дуальді оқытумен қамтылған студенттердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 91%-ды құрайды.
Облыстың 40 колледжінің 27-сінде (68%) дуальді оқыту жүйесі енгізілді. Дуальді оқыту бойынша мамандар даярлау көлік, тау-кен өндіру, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету, энергетика және байланыс салаларында жүргізіледі.
Кәсіби кадрларды даярлау үшін колледждер «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы – Донской ТКБК, «Қазпошта», «АМК Жарық» ЖШС, «Анвар», «Данай-Ақтөбе» сияқты өңірдің кәсіпорындарымен ынтымақтасады.

ТжКБББ ұйымында оқуға өтініштерді қабылдау орта буын мамандары мен қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:
– мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу нысанына – күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 18 тамызына дейін негізгі орта білім беру базасында;
– күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 20 тамызына дейін жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасында;
– ақылы негізде – күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 25 тамызына дейін;
– кешкі және сырттай оқу нысандарына – күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 20 қыркүйегіне дейін;
– шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша –күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 20 шілдесіне дейін;
– педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша – күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 15 тамызына дейін.
Өтініш берген кезде түсушілер ТжКББ-мен кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі комиссия бекіткен төрт мамандыққа, біліктілікке (қажет болған жағдайда) дейін ТжКБББ-ның төрт ұйымына дейін таңдайды.
Конкурс білім туралы құжатқа сәйкес талапкерлерді міндетті және бейіндік пәндерді бағалаудың орташа конкурстық балы бойынша автоматтандырылған бөлу жолымен ҰБДБ ақпараттық жүйесімен өткізіледі.
Шығармашылық дайындықты талап ететін педагогикалық, медициналық мамандықтар мен мамандықтарға түсушілер үшін – білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейіндік пәндерді бағалаудың орташа балы және ТжКБББ ұйымы өткізген арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша алынған бағалар бойынша, сондай-ақ қабылдау квотасын ескере отырып жүргізіледі.
Ақтөбе облысының білім басқармасы, «Атамекен» (https://atameken.kz/ru/news/52646-novuyu-kartu-rabochih-professij-razrabatyvayut-v-aktobe)
Comments