top of page
Search

Басымдық – білім алушыларға жайлы орта, қолайлы атмосфера құру

Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде білім алушыларға жасалған жайлы орта талаптарымен танысты. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Университетте білім алушыларға 4 жатақханалық кешен қызмет көрсетеді.

Оның ішінде 12-қабатты студенттер үйі университеттің негізгі инфрақұрылымдық базасы шоғырланған аймақта орналасып, оқу орнының бірыңғай кешенін құрайды.


440 орындық жатақханада әр бөлмеде екі студенттен орналасады, жеке санузел, жуынатын бөлме қаралған. Кешеннің әр қабатында ас дайындау, киім жуу, үтік басу аймақтары бар.


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page