Биологиядан республикалық олимпиаданың практикалық туры алғаш рет IBO ережесімен өткізілді
- Редакция "СО"
- 14 hours ago
- 1 min read
Биылғы басты жаңалық – биология пәнінің практикалық туры алғаш рет IBO ережесімен өткізілуінде. Бұл қадам еліміздегі биология пәнінен олимпиадалық қозғалыстың дамуына үлкен серпін беретіні сөзсіз, «Замануи білім беру» журналы РҒПО «Дарын» баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Осы орайда, олимпиаданы жоғары ғылыми деңгейге көтеріп, білімді ұрпақтың дамуына үлес қосқан ғалымдарымыз – қазылар алқасы мүшелері мен тапсырмалар авторларына алғысымызды айтамыз.
Биология пәнінен халықаралық олимпиада (IBO) – бұл биологияны насихаттау және осы саладағы ғылыми стандарттарды қолдау мақсатында ұйымдастырылатын жыл сайынғы халықаралық байқау. Былтыр Қазақстан биологиядан 35-ші халықаралық олимпиадасын өткізу мәртебесіне ие болған еді. Астанада ұйымдастырылған олимпиадаға 81 елден 305 оқушы мен 275 ғалым қатысып, 150 жеңімпаз анықталды. Ал, Қазақстан құрама командасы 4 қола медалға ие болып, 100 % жетісікке жетті.

Comments