top of page
Search

Биыл елімізде 94 мыңнан астам білім беру гранттары бөлінді. Қабылдау комиссиясына қалай хабарласуға болады

5.08.2024.


2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Жалпы грант саны 94 мыңнан астам, оның ішінде 78 мың грант – бакалавриат студенттеріне, 13 мың грант магистратураға берілсе, 3 мың грант болашақ докторанттарға қарастырылған, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


гранты  2024

99 пайыз грант 4 жылда тұңғыш рет игерілсе, су тасқынынан зардап шеккен өңір талапкерлеріне 15 382 грант берілген.


Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары үшін 1 890 грант бөлінген. Одан бөлек, 5 000 нысаналы грант 100 пайыз, ауыл шаруашылығы мен ветеринария бағытындағы гранттар толық игерілген.


Айта кетер жайт, биыл 104 121 түлек грантқа өтінім берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 000 адамға артық көрсеткіш.


Қабылдау комиссияларының байланыстары:


Yorumlar


bottom of page