Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірге жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасына барды.
Қандай кездесулер өтті және не туралы келісілді?
1. Өзбекстан Республикасының Инновациялық даму министрі Иброхим Абдурахмоновпен ресми кездесу. Бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту, Өзбекстанда қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу және одан әрі стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі ынтымақтастық талқыланды. 2. Жоғары және арнайы орта білім Министрінің бірінші орынбасары Комилжон Каримовпен кездесу. Қазақстанның жетекші университеттері презентациялармен сөз сөйледі. Тараптар білім беру іс-шараларының кеңеюін, білім беру көрмелерін, Орталық Азия елдері ректорларының форумдарын ұйымдастыруды атап өтті. 3. Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті мен Ташкент мемлекеттік заң университетіне бару. Меморандумдарға қол қойылды, ғылымды дамыту, инновациялар, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру, қос диплом бағдарламаларын іске асыру, академиялық ұтқырлық және халықаралық жобалар шеңберінде ғалымдардың коллаборациясы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаласты. 4. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылым және техника министрліктері мен ведомстволары басшыларының алтыншы кеңесінде сөз сөйлеу. Қуаныш Ерғалиев ШЫҰ аясындағы міндеттердің іске асырылуы, министрлік жүргізіп жатқан ЖОО инфрақұрылымын жаңғырту, ЖОО-ларды әлемдік деңгейдегі университеттерге құру және трансформациялау туралы айтып, шетелдік әріптестеріне қазақстандық ғалымдардың елеулі ғылыми жетістіктерін таныстырды. Бұдан басқа, ШЫҰ елдерінің делегациялары: - цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, «жасыл энергетика» салаларында бірлескен жобаларды әзірлеу жөніндегі бастамаларды талқылады; -инновациялық технологиялардың алғашқы цифрлық жәрмеңкесін өткізу, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 2022-2025 жылдарға арналған ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі жоспар қаралды; - озық технологиялар жәрмеңкелері мен «Inno»технопаркіне барды.
Comments