top of page
Search

8 және 9 сәуірде «Алматыдағы заманауи білім беру күндері» фестивалі өтеді

8-9 сәуірде Алматыда «Алматыдағы заманауи білім беру күндері» фестивалі – мектеп пен колледж түлектеріне, сондай-ақ «қайда оқуға баруға болады?» деген сұрақ мазалап жүрген жастарға арналған бірегей іс-шара өтеді.


Фестиваль алаңдарында Алматы қаласы білім беру мекемелерінің өкілдері оңтүстік астана тұрғындарымен және қонақтарымен өзекті оқу бағдарламаларымен бөліседі, еңбек нарығындағы белгілі бір кәсіптің жағдайы туралы әңгімелейді, кәсіби мансапты жоспарлау бойынша кеңестер береді.


Алматылықтар мен мегаполис қонақтарын түрлі бағыттар бойынша тамаша көрмелер, қызықты шеберлік сыныптары, тұсаукесерлер, көше қойылымдары мен флеш-мобтар күтеді.


Шеберлік сыныптарында жоғары оқу орындары мен колледждердің өкілдері әртүрлі кәсіптердің ерекшеліктерін көрсетеді, қажетті өту балдарының санын, белгілі бір оқу орнына түсуге қалай дайындалу керектігін және осы салада сұранысқа ие маман болу үшін қандай дағдылар қажет екенін түсіндіреді. Іс-шараға Ұлттық тестілеу орталығы қатысады, оның сарапшылары ҰБТ-ның жаңалықтары туралы түсіндіріп, жақсы балл жинау үшін қалған кезеңде тестілеуге қалай жақсы дайындалу керектігі туралы кеңестер береді.


Оқу орындарының көрмесі Панфилов және Жібек Жолы көшелерінде орналасады. Білім беру бағдарламаларының форумы «Люмьера», «Цезарь» кинотеатрларының залдарында және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының конференц-залында өтеді.


Кәсіптер фестивалі 8-9 сәуірде сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Фестивальдің ұйымдастырушы: «Современное образование» журналының редакциясы.


Оқу орындарының тұсаукесеріне мына сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://www.obrazovanie.kz/регистрация-8-9-апреля-2023


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page