top of page
Search

Білім туралы мәліметтер енді Egov Mobile қосымшасында қолжетімді

28.12.2023.


ҚР Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» білімді зерттеу мен бағалаудың ұлттық орталығымен және «Ұлттық ақпараттар технологиясы» АҚ-мен бірлесіп Egov Mobile мобильді қосымшасында «Білім туралы мәліметтер» жаңа цифрлық құжатты іске қосты, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Бұл қызметті смартфоныңыздағы Egov Mobile электронды үкімет қосымшасы арқылы электронды түрде пайдалануға болады.


Барлық ақпарат Egov Mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттарда «Отбасы» бөлімінде қолжетімді. Мұнда балабақшаға баратынын, мектепте, колледжде оқитынын растайтын білім туралы мәліметтер берілген.


«Білім туралы ақпаратта толық аты-жөні, ЖСН, туған күні, білім беру ұйымының деректері, жас тобы, балабақша үшін топ атауы, мектеп үшін сыныбы мен литері және колледж үшін топ коды көрсетіледі. Енді ата-аналарға оқу орнынан қағаз түріндегі анықтама алудың қажеті жоқ, жеке куәлік секілді Egov Mobile мобильді қосымшасынан мәліметтерді ұсынуы жеткілікті», – деп атап өтті Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

Енді оқу орындарынан қағаз түрінде анықтамалар алу және талап ету алынып тасталады. Бұдан басқа баланың білімі туралы цифрлық құжаттар ата-аналар үшін көлікте жүру картасын алуда және басқа да қызметтерге жүгінуде қажет болуы мүмкін.


Еске сала кетейік, Оқу-ағарту министрлігі бұған дейін ЦДАЭМ, «Талдау» ұлттық орталығы және «ҰАТ» АҚ-мен бірге техникалық және кәсіби білім беру дипломдарын цифрлық нұсқада беру бойынша жұмыстар жүргізді. Бұл құжаттар да Egov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді.


Egov Mobile


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page