Мектепке дейінгі білім, орта білім беру, ТжКБ ұйымдарының педагогтеріне арналған екінші халықаралық онлайн семинар басталды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
«Білім.Шығармашылық. Инновация» тақырыбындағы тренингке шетелдік серіктестер де қатысады. Шара барысында қатысушылар бала тәрбиесі, олардың шығармашылығын дамытудағы тәжірибелерімен бөлісіп, өзара пікір алысады.
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы басшысының м.а. Елена Лосеваның айтуынша, семинар педагогтердің, балалар мен ата-аналардың бірлесе әрекет етуінің нәжижесінде теориялық және практикалық тәрбиелеу моделін инновация арқылы қалыптастыруға бағытталған.
Айта кету керек, бұл семинар жыл бойы жалғасатын болады.
Comments